Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы апталығына байланысты өткізілген «Қылмыстық-атқару құқығын білесің бе?» атты викторина

18.04.2018 жылы ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы апталығы аясында күндізгі оқыту факультетінің 3 курстың қылмыстық-атқару мамандандыруы бойынша білім алып жатқан 307-309 топ курсанттарының арасында «Қылмыстық-атқару құқығын білесің бе?» атты викторинасы өткізілді. Викторина барысында аталған топ курсанттарының арасынан 5 топтама құрылды.

Викторина барысының әділ өтуі мен топтардың жеңісін анықтау мақсатында кафедра оқытушыларынан құрылған әділқазылар алқасы тағайындалды.

Викторина 3 сайыстан тұрды. Бірінші сайыс — «Сұрақ-жауап». Жүргізуші қойған теориялық сұрақтарға топтар жауап берді. Қойылған сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берген топ жеңіске жетті.

Екінші сайыс-«Сөзтапқырлар». Аталған сайыстық тапсырмада курсанттардың қылмыстық-атқару заңнамасын жетік білетінін көрсетті, жылдамдық пен тапқырлықты, сонымен қатар ұжымдылықты дамытты. Әр топтың алдына кроссворд түріндегі тапсырмалар берілді. 10 минут ішінде толығымен дұрыс әрі жылдам толтырған команда осы сайыстың жеңімпазы атанды.

Үшінші сайыста викторинаға қатысушы курсанттардың назарына тестілік сұрақтар ұсынылды. Толығымен дұрыс жауап берген топқа жоғары ұпай берілді.

Үш сайыстың қорытыңдысы бойынша:

1 орын — «308(1) оқу тобы »

2 орын — «309 оқу тобы»

3 орын — «308(2) оқу тобы»









Ғылыми-педагогикалық

магистратураның 1-курс магистранты

әділет аға лейтенанты

Н. Жумагалиев