Дархан даланың данышпандары

2018 жылдың 13 сәуірі күні Академияның оқу залында Мәдениет университетінің кестесіне сай, әдебиет сабағының аясында, облыстық Л.Толстой атындағы кітапхана қызметкерлерімен біріге отыра «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Дархан даланың данышпандары»- атты әдеби кеш өткізілді.

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

Биылғы оқу акциясына үш бірдей кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптарын оқу жыл бойы насихатталатын болады.

Кеште қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет Шәкәрім Құдайбердіұлы және Немат Келімбетовтың шығармашылығы жайлы курсанттарға мағлұматтар берді.

Келесі кезекте Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Бауыржан Момышұлы туралы, білім саласында көп жылдар еңбек еткен, жұмыс өтілі үлкен педагог  Светлана Петровна Богдасарова жайында сыр шертті.

Үш кезең, үш жанр, үш мағынаны қамтитын шығармалар. Үш шығарма да қазақ халқының білімділігін, ойлылығын, ерік-жігерін, ұлттық құндылығын көрсетеді. Шəкəрімнің терең білімі əлі зерттеуді қажет етеді. Биыл бабамызға 160 жыл. Бауыржан Момышұлының білімділігі, əскери сауаттылығы, ешкімге бой ұсынбайтыны көпке үлгі, Немат Келімбетовтің де ғалымдығын ұмытпауымыз керек.

Бұл үш жазушы мен олардың шығармалары Қазақ елінде жоғары сұранысқа ие! Оқырмандардың талғамы мен сұранысы да күн сайын жоғарылап келеді! Оқырманның көңілінен шығатын таңдау жасалды деп ойлаймын!

Бүгінгі күні қазақ қоғамында рухты көрсететін, жастарымызды ерлікке, батырлыққа, патриотизимге шақыратын, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптарды  курсанттар тарапынан көбірек оқиды деп үміттенемін.

 

                                                                           Тәрбие жұмысы бөлімінің

                                                                           музыкалық жетекшісі

                                                                           Б. Курмангалиева