Кіші командирлер арасындағы үстел теннисінен жарыс

Баршаға мәлім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Астананың 20 жылдығына орай  академияның 1,2,3 курс кіші командирлерінің арасында үздіктерді анықтаудан түрлі спорттық және мәдени  іс – шаралар, спартакиядалар  өткізіліп келе жатыр. Бүгін де сол іс – шара жалғасын тауып, үстел теннисіне ұласты.

1,2,3 курс кіші командирлері  арасынан іріктеліп шыққан теннисшілер   бақ сынап, өзара жеңімпаздыққа талас жүргізді. Жарыс ережесі бойынша  әр курстан 4 адамнан қатысып, жұп – жұп болып ойынау  қажет болды.   Тартысты өткен бұл сайыста жалпы есепте 3 – курс кіші командирлері айқын жеңіске жетті. Екінші орынға 2 – курс кіші командирлері ие болса, үшінші орынды 1 – курс кіші командирлері қанағат тұтты.

Осынау өткізіліп келе жатқан іс – шараның қазіргі жалпы нәтижесі бойынша 3 – курс кіші командирлері көш бастап келеді.

Академия баспасөз қызметі

3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан