Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «ізкезуші» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті

Кафедраның «ізкезуші» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өзінің қарастырылатын сұрақтары бойынша ерекшеленді. Ғылыми үйірме мүшелерінің алдында отырыстың күн тәртібінде қарастырылатын 3 сұрақтарды талқылау және үйірменің отырысы бойынша ғылыми тәжірибелерін арттыру болып табылатын. Отырысқа Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институтының 1 курс магистранты әділет капитаны Мырзазияев Нурдаулет Тайжанұлы қатысты. Магистранттың отырысқа қатыса отырып үйірме мүшелерімен өзінің ғылым мен айналысудағы тәжірибесімен бөлісіп отырды. «Ізкезуші» ғылыми үйірменің кезекті отырысында төмендегі сұрақтар қарастырылды:

Бірінші мәселе: үйірмеде қызығушылық танытпай, белсенділік көрсетпегені үшін 3 курс курсанттары: А. Малик пен Султанова А. үйірме мүшелері қатарынан алып тастау мәселесін қозғайтын боламыз. Себебі, 2017 жылдың қазан айында тапсырылған жұмысқа салғырттықпен қарап, оны  орындамаулары бойынша «ізкезуші» ғылыми үйірменің мүшелігінен шығару.

Екінші мәселе: ғылыми жұмыс пен мақала жазу барысында ізденушілікті дамытып, мұқияттылықпен қарау. Өзекті мәселелерді қозғап, қолданылған әдебиеттерге қоса өз ойларынды ашық білдіру және мақаланы жазу барысында қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау мен стилистикалық қателіктердің орын алуын болдырмау.Көпшілік алдында өздерінді дұрыс ұстап, сөйлеу мәнерін дамытулары бойынша әдістемелік сабағы өткізілді.

Үшінші мәселе: 11.04.2018 жылы болатын ҚПжК кафедрасы ішіндегі конференцияда үйірме мүшелерінің жұмыстарын тыңдап, туындаған өзекті мәселелерді талқылау. «Ізкезуші» үйірмесімен өткізілетін көнференция курсанттардың ғылыми жұмыстарын апрабациядан өткізу, ғылыми тақырыбын меңгеру дәрежесін меңгеруге және жан-жақты талқылаудың нәтижесінде маңызды мәселелеріне бағыт алуға ықпал етеді.

«Ізкезуші» үйірме жетекшісі

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушы

полиция майоры

Е.Е. Кайнар