«Зерде» ғылыми үйірмесінің отырысы

2018 жылдың 4 сәуірінде ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының «Зерде» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Қабырға газеттерінің конкурсына қатысу туралы.
  2. «Жаңа формациядағы әлеуметтік жұмыскер» олимпиадасына дайындық туралы.

Бірінші сұраққа байланысты Ғылыми қызметкер күнін және Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту аясында 1-3 курс курсанттарының арасында қабырға газеттерінің конкурсы жарияланды.

Екінші сұрақ бойынша «Жаңа формациядағы әлеуметтік жұмыскер» олимпиадасының бағдарламасы қарастырылды. Курсанттар бағдарламаның сценарийімен танысты. Бірнеше турдан құралған: мультимедиалық презентация элементтері енгізілген «Бұл біз, қарсы алыңдар!» конкурсы; теориялық білім деңгейін анықтауға байланысты «Интеллектуалдық марафон» тесті; капитандар конкурсы және практикалық тапсырмаларды шешу.

ҚР ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясында өткізілетін курсанттардың (студенттердің) «Жастар және ғылым» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына курсанттардың қатысуына қатысты сұрақ жоспардан тыс қарастырылды. Конференция жұмысына қатысу үшін Цой Е., Каламбаева А., Ахметова А., Исакова В., Қойшыбаев Т., Ахмет Н. сияқты курсанттар ғылыми мақалаларды дайындады.

Сонымен қатар, «Ғылым және курсант: шығармашылық тандем» дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін ғылыми баяндама дайындау сұрағы отырыстың күн тәртібінің жоспардан тыс сұрақтарының бірі болды және осыған орай ғылыми үйірме мүшесі КОФ 3 курс курсанты полиция сержанты Қарашов А. сөз сөйледі.

Отырыстың соңында кафедра бастығы Н.А. Тулкинбаев барлық қатысушыларға ынталы жұмысы үшін алғысын білдірді және алдағы уақыттағы ғылыми жұмыста шығармашылық табыс тіледі.

 

«Зерде» үйірме жетекшісі,

полиция майоры Примкулова А.А.

 

 

Заседание научного кружка «Зерде»

4 апреля 2018 года состоялось очередное заседание научного кружка «Зерде» кафедры организации социальной работы в органах внутренних дел.

Согласно повестке дня были рассмотрены следующие вопросы:

  1. Об участии в конкурсе стенгазет.
  2. О подготовке к олимпиаде «Социальный работник новой формации».

Согласно первому вопросу был объявлен конкурс стенгазет среди курсантов 1-3 курса в рамках празднования Дня работников науки и 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астана.

По второму вопросу была рассмотрена программа олимпиады «Социальный работник новой формации». Курсанты ознакомились со сценарием программы, которая состоит из нескольких туров: конкурс «Встречайте, это мы!», включает в себя элементы мультимедийной презентации; тестирование «Интеллектуальный марафон», связанный с выявлением уровня теоретических знаний, конкурс капитанов и решения практических задач.

Вне плана был рассмотрен вопрос, касающийся участия курсантов в международной научно-теоретической конференции курсантов (студентов) «Молодежь и наука», которая состоится в Алматинской академии МВД РК им. М. Есбулатова. Для участия в работе конференции подготовлены научные статьи курсантов Цой Е., Каламбаева А., АхметоваА., Исакова В., Қойшыбаев Т., Ниязбек А.

Также одним из внеплановых вопросов повестки заседания являлся вопрос подготовки научного доклада для участия в работе круглого стола на тему «Наука и курсант: творческий тандем», с которым выступил курсант 3 курса ФОО сержант полиции Карашов А.

В завершении заседания начальник кафедры Тулкинбаев Н.А. поблагодарил всех присутствующих за плодотворную работу и пожелал дальнейших творческих успехов в научной деятельности.

 

Руководитель научного кружка «Зерде»,

майор полиции Примкулова А.