102 және 107 оқу топтары театр күнін мерекелеуге қатысты

Халықаралық Театр күніне орай Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының ұйымдастыруымен өткізілген «Комната № 13» атты қойылымы өтті. Бұл қойылым комедиялық жанрда болды, әрі қызықты да тәрбиелі мағынасы мол. Аталған шараға Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс 102 және 107 оқу топтары барды.

Театр дегеніміздің өзі бір таңғажайып өмір секілді. Адамдарға берер тәлім-тәрбиесі өте зор. Бес әріптен құралған жай сөз секілді болып көрінгенімен, бұл ұжымдық өнер, яғни бұл ұйымшылдықтың отаны, елге үлгі болар тұлғалардың мекені десекте болады. Өмірде болып жатқан санқилы жағдайларды, болашақта үлгі болар іс-әрекеттерді күлкі-қалжыңмен немесе шынайы көрініспен жеткізеді.

І.Омаров атындағы қазақ драма театрының орналасуы, қызмет көрсетулері, залдарының кеңдігі курсанттардың көңілінен шықты деп өз атымнан айта аламын. Осындай қызықты қойылымды көріп курсанттар мәз-мейрам болып қалды. Қойылымнан кейін курсанттар мәре-сәре болып, реті келсе тағы келгісі келетінін ниеттерін  білдіріп жатты.

Керемет қойылымның куәсі болуға мүмкіндік жасаған Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы басшылық құрамға 102 және 107 оқу топтарының атынан алғысымызды білдіреміз. Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары және 102,107 оқу топтарының кураторлары полиция майоры Махамбетов Н.К., полиция майоры Нұрмағанбетова Ж.К. айтар алғысымыз көп.

        ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев

        атындағы Қостанай академиясының

        баспасөз қызметінің көмекшісі

        1 курс курсанты

        Максетова Гүлнұр