Ғибратты өмір.

Рухани жаңғыру аясында Академиямызда көптеген іс-шаралар өткізілуде. Соның бір айғағы ретінде Академиямызда құрылған Мәдениет университетінің сабақ  кестесіне сай театр мәдениетінің қыр сырымен танысу үшін наурыз айының жиырма тоғызыншы жұлдызында  Ілияс Омаров атындағы Қазақстан драма театрындағы А. Шаяхметтің «Еңбек ер атандырады» драмасын тамашаладық. Қойылымда «Қаз ССР еңбек ері» Кәмшат апамыздың еңбек жолы жайлы тамаша көріністер көрсетілді.

Бұл қойылымнан алған сезімімді  сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тәрбиелік, потриотизмге толы қойылымнан барға қанағат, өз ісіңе мұқият және адал болуды түсіндік. Кәмшат апамыз  өзі өмір сүрген дәуірдің жаңа талабын қаймықпай меңгерген, күш талғамас еңбектің жемісі мен жеңісіне жеткен қазақ қызы екенін, заманның қыйын-қыстау кезеңінде қазақтың көптеген бой жеткендері жұмыс таппай қыйналғанда, нәзік жандыларға жұмыс табылмаған кезде, өз-өзіне тоқтау қоймай батылдық танытып ер азаматтың жұмысын жасаған, апамызды қазақтың батыр десек қате болмас.

Қойылымда апамыздың бір сөзін біздің Тәуелсіз Қазақстанның қыздарына айтқан даналығы деп алғым келеді «Үстім май-май кір қожалақ болып қыйналуымның себебі сол кездегі мемлекет басындағы қыйын уақыт еді. Қазіргідей қыз балаларға таңдаған оқуын оқып, қалаған мамандығында жұмыс істейтін мүмкіндік болмағандықтан ғой осының бәрі. Ал қазір Тәуелсіз мемелекет болып, қыйыншылық артта қалып, мемлекет менің еңбегімді бағалап отыр мен оған қуанғанымда көзіме жас келеді. Осы заманда қыздарымыз бен ұлдарымыз терең армандап, арманына жетуге барынша мүмкіндік жасалған. Тәуелсіз ел деп осыны айт» деген еді. Осыдан кейін жұмыс жоқ деп айтатын жастар сол апаларымыздың кезеңінде өмір сүрген болса қайтар еді деген сұрақ туды.

Қойылым аяқталғаннан кейін сол театрдың әртістерімен кездесу өткіздік өз істеріне шебер, әр рөліне толығымен беріліп ойнап жүрген ағаларымызға сұрақ қойып көптеген өнердің қыр-сырымен таныстық. Соңында қойылымнан алған сезімімізбен бөлісіп, әртістерге алғысымызды айттық.

Соңғы сөзді осы қойылымға курсанттарды ұйымдастырып, алып барған отставкадағы полиция полковнигі Б. Құрманғалиева «Академиямызда тек «Құқық қорғау» саласын ғана емес рухани, мәдени даму жағында қарастырамыз. Ал осы қойылым рухани дамуға бірден-бір себепші болды. Сіздерге мыңда бір алғыс» деп аяқтады.

 2 курс бастығының орынбасары

 полиция капитаны  Д. Майшин

2 курс курсанты  Д. Ахметов