Ұрпақтар сабақтастығы немесе ағасы бардың жағасы бар

Ұрпақтардың өзара достығы, олардың бір-біріне деген сый-құрметі, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуі – бұрыннан келе жатқан, қанымызға сіңген игі қасиет.

Міне, осы сабақтастықты жоғалтпай, одан әрі жалғастырып, ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттары тәрбие жұмысы жоспары аясында күндізгі оқыту факультетінің курсанттары әрі інілері Александр Ступа мен Джумагали Едилбаевты ерітіп, демалыс күнгі сейілдемеге шықты.

Арман кинотеатрынан басталған серуен одан әрі сәнді бутиктерді аралаумен жалғасты. Магистранттар, соңынан ерген курсант інілері — Александр мен Жұмағалиға, ұнатқан заттары мен бұйымдарын шын жүрекпен сыйға тартты. Рухани демалып, кинодан алған әсерлерімен бөліскен жастарымыз жақсы, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.


Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция подполковнигі Г. Едресова