Курсанттар Сарбаздарды құттықтайды

«Ұланы бар елдің ұраны бар» дегендей, намысы мен қайраты асқақ, елін сүйген жүрегі бар, еліне деген сезімі бар, ертеңге деген сенімі бар, ел қорғаған ұландары бар ел – бақытты ел.

Еліне қызмет етіп, Отанын қорғап жүрген жас жауынгерлердің Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің құрылғанына биыл 47 жыл толуда. Академияның 1 курс курсанттары сарбаздарды осы айтулы мерекелерімен құттықтап, қуаныштарымен бөлісіп  қайтты.

Мерекенің куәгерлері болған курсанттар аталған бөлім сарбаздарының мерекелік концертін тамашалады, сонымен қатар, 47 жылдық тарихы көрсетілген көрмемен танысты. Көрмеде 47 жылдық тарихынан сыр шерткен фотосуреттер, кітаптар, және бөлімнің жетістіктері үшін марапатталған грамоталары мен алғыстары көрсетілген.

Ел тыныштығын қорғап жүрген ұландарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтай отырып, қиындығы мен қызығы мол жолда қажымас қайрат, талмас талап, сарқылмас жігер мен Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеп, елінің елеулі  азаматтары болуларына тілектеспіз!!!

Ұлтымыздың даңқты перзенті, атақты батыры Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс — күймейсің» деген нақыл сөзін әрдайым жадымызда жаттап ұстауымыз қажет!

А. Мұрат

101 оқу тобының кураторы,

полиция аға лейтенанты

А. Мукашев

1 курс бастығының орынбасары,

полиция капитаны