Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларымен мәдени-көптік іс-шаралар

Қазақ халқы қашанда өнерге, мәдениетке аса мән берген. Қызметтің қай саласында болса да өнер мен мәдениет ұмытылмайды, дәріптеледі.

Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларының әр келуімен мәдени-көптік іс-шаралар өткізіледі.

Бұндай іс-шаралар өткізудің мақсаты – республикамыздың әр облысынан келген тыңдаушыларды қаланың тарихи орындарымен, көркем жерлерімен және жалпы мәдениетімен таныстыру. Осындай іс-шаралардың бірі Халықаралық театр күнімен тұспа-тұс келген Қостанай облысының І. Омаров атындағы қазақ драма театрына бару болды. Тыңдаушылар атақты ағылшын драматургі, сценарист, актер Р. Кунидің «Комната №13» атты комедиясын тамашалады.

Өз өнерлерімен көрермендерінің көзайымына айналған театр актерлері бұл күні де көрермендер тарапынан шексіз алғысқа бөленді.

Ал, Институт тыңдаушылары болса күнделікті күйбең қызметпен театр есігін ашпағандарына бірнеше жыл болғандарын жасырмай, бүгінгі қойылымнан үлкен әсер алып, рухани демалып қайтқандарын айтты.


Сонымен қатар, атаған жоспарға сәйкес тыңдаушыларға Академияның мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мұражайдың әр қабырғасындағы Академия тарихы, жетістіктері және оқу орнымызға есімі берілген әйгілі генерал Ш. Қабылбаевтың өмірбаяны мен қызмет жолы таныстырылды.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты