Курсанттар үшін «Бастаңғы» дәстүрінің маңызы

Қостанайда Наурыз мерекесіне орай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында өткізілген  «Бастаңғы» деп аталатын ұлтық нақыштағы ойын-сауық кеші  болып өтті.  Бастаңғы дегеніміз — үй үлкендері жолаушылап, сапарға  кеткенде жастардың бас қосып, көңіл көтеріп, ойын-сауық құратын кеші болған. Оның өзіндік тәрбиелік мән-маңызы бар. Қазіргі уақытта бұл дәстүр көрініс таппағанымен, өткен ғасырларда жиі орын алған.

Осындай тамаша кешті назардан тыс қалдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 102 взвод  курсанттары Наурыз мерекесі күні өнер қара шаңырағына барды.

Бастаңғы  жастар үшін өнегелі, дәстүрлі, өнері мен мәдениеті мол үлкен бір шара болды. Осы думанда әзіл әңгіме, ән айтылды, би биленді,  ұлттық киімдер мен әшекейлердің сəн үлгісі көрсетілді, өзге ұлт өкілдері өз өнерлерін сыға тартты, ойындар жүргізілді, сыйқыршының ғажайыптары да әсерлі өтті, сондай-ақ сахна төрінде өткен  «жілік сындыру» сайысы жігіттердің білек күшін сынаған нағыз шоу болды.  Кештің басты кейіпкерлері болған жеңге мен қайнының арасындағы қарым-қатнас, еркелік қылық, жеңгенің жайдарлы мінезі мен орынды әрекеттері біздің жастарға  тәрбиелік әсерін қалдырды.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде  керемет дәстүрді тамашалаған курсанттар  театрдың бірінші қабатында құрылған киіз үйдің ішіндегі дастархан басында   кеш барысынан алған әсерлерімен бөлісіті.

ҚПжК кафедрасының оқытушысы,

102 взвод кураторы полиция майоры 

Нурмағанбетова Ж.К.