Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 102 оқу тобының «Арғымақ» ипподромындағы Наурыз мерекесін тойлауға қатысуы.

Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 102 оқу тобының «Арғымақ» ипподромындағы Наурыз мерекесін тойлауға қатысуы.
«Қош келдің Әз-Наурыз» атты мерекелік шараны ашуға, көрермендерді  құттықтауға Қостанай облысының әкімі Мухамбетов Архимед Бегежанович өзі қатысты. Бұл мерекені тойлауға, шараның көркін келтіруге Қостанай облысы аудандарынан, қалаларынан, және де Ресей Федерациясынан да қонақтар келген. Мерекеде ән-күй шашуы шашылды, «Технодом» сауда үйінің атынан 75 қомақты сыйлық лотереясы ойнатылды, ең бастысы  ұлттық ойындар ойнатылды,  олар: «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз Қуу», «Қой қөтеру» және де Республикалық дәрежедегі «Бәйге» болды.
Наурыз түрік тарихынан бері келе жатқан қазақилықтың иісі аңқып тұратын мерекелердің бірі. «Наурыз» деген сөздің өзі түрік тілінен «жаңа күн» деген мағынаны белдіреді. Наруыз айының басталуынан аяқталуына дейін ай бойы мереке. Наурыздың 21-22 сіне қараған түні табиғаттың өзгеру құбылысы десекте болатын шығар, ол дегеніміз күн мен түннің теңерген  күн. Бұл айда ақ түйенің қарны жарылған күн депте атайды. Жоғары да айтылып кеткен ұлттық ойындардың барлығы кеше бүгін ұйымдастырып, ойнатылып келе жатқан жоқ, бұл ойындар түрік халқтарынан яғни ата-бабамыздан келе жатқан ойындар, қыстаудан жайлауға көшіп-конып, қыстаудан аман жайлауға бүтін келген мезгілдің себепкерлері. Осы мереке Қазақ Халқының Ұлы Тойы, бұл бауырсақтан бал тамып, ақ  көжеге тоятын ай.

Айтылған мерекелік шарада атап кететін  жағдай ол, ДВД құрамында Қостанай академиясының 102 оқу тобының полиция қатарындағы курсанттары Сейтмаханбет Рахат  және Бекуыс Беріктің болуы болды. Бұл курсанттарымыз «Аударыспақ» сайысынан жүлделі орындарды иеленді,  80 киллограмға дейінгі салмақта  курсант Сейтмаханбет 3 орынға, ал курсант Бекуыс ақтық сынға жолдама алып қарсыласына есе жіберіп, 2 орынды иеленді. Бекуыс Берік «Көкпар» ойынында қазандыққа салым салумен де ерекше көзге түсті. Екі курсантта жүлде алып, сыйақымен және грамотамен марапатталды. Сонымен қатар взводтың басқа да курсанттары «Қой көтеру» ойынына белсене қатысты, әсіресе  Нышанбай Құдайберген дене бітімінің шағындығына қарамай, 42 кг салмақтағы қойды көтеріп 43 рет орнынан отырып тұруы көрермендерді дүр еткізді. Өкінішке орай көтерген қой Құдайбергенге бұйырмай, ресейден келген қонақтын қанжығасында кетті.

Сайыстар өте қызықты, жоғары деңгейде болды.

Мерекені ойдағыдай тойлауға, Қостанай облысының наурызды қалай тойлайтынын көруге, тамашалауға куәгер еткені үшін өз атымнан және де  102 оқу тобының курсанттары атынан Қостанай академиясының басшылықтарына және де 102 оқу тобының кураторы полиция майоры Нурмаганбетова Жанна Кенжегалиевнаға айтар алғысымыз шексіз.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев

атындағы Қостанай академиясының

баспасөз ісіндегі көмекшісі

курсант Максетова Гулнур