Шағын футболдан Наурыз мейрамына орай жарыс.

Наурыз мейрамына орай бес күндік демалысты курсанттарымыз бос өткізіп жатқан жоқ. Барлық күндер демалыс күніне арналған жоспарға сәйкес өтуде. Наурыздың 24 күні академия спорт кешенінде шағын футболдан 2 курс оқу топтары арасында жарыс өтті.

Тартысты өткен жарыста былтырғы жылдың чемпиондары бірінші кездесуден-ақ есе жіберіп, келесі айналымға шыға алмады. Тыңғылықты дайындалған курсанттарымыз жақсы ойын мәнерін көрсетіп, тартысты ойындармен жарысты қыздыра түсті.

Ақтық кездесуге 209 оқу тобымен 201-ші оқу тобы шығып, 209-шы оқу тобы ойсырата 5-1 есебімен жарыс жеңімпаздары атанды. Жүлделі үштікті қортындылаған 206-шы оқу тобының курсанттары болды. Және де ойыншылар арасынан үздік шабуылшы 209-шы оқу тобының шабуылшысы Ибрагим Шоқан лайықты деп танылып, сыйлықтармен марапатталды.

Академия баспасөз қызметінің мүшесі
Д. Әділдәбеков
Бейне — редакторы
Р. Советказин