Жастарға бастау болған белбеу күресі

Наурыз айының 12 – 15-сі аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында «Белбеу күресінен» 1998 – 2000 жылы туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Чемпионатқа Қостанай облысы атынан ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акдемиясының курсанттарынан және Қостанай мемлекеттік педогогикалық университетінің студеттерінен құралған Қостанай облысының белбеу құрамасы қатысып, құр қол қайтпай бақандай бір алтынға қол жеткізді.

Алтынды 68 келі салмақ дәрежесінде ҚМПУ 1 курс студенті, «Арлан» спорт клубының спортшысы, А.Ахметов және К.Құдабаев қарамағында жаттығатын Әділет Жаңбыршы қоржынымызға байлады. Сөйтіп қараша айында Ресей Федерациясының Казань қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

– жалпы жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып Оңтүстік өңірінің халқы қонақжайлықпен қарсалды.

Осынау белбеу күресінің қазіргі қарқыны бізді қуантып жатыр. Қазіргі уақытта бұл спорт түріне көптеген жастар қызығып, ақырындап қатысуда. Белбеу күресі алдағы уақытта да өзін көрсетіп, әлемдік деңгейде кең қанат жайуына кемел сенеміз. Барша спорт сүйер қауым жұдырықтай жұмылып осы спорттың дамуына барынша қолдау көрсетеді. Соған орай Қостанай академиясының бастығы полиция генерал – майоры Қызылов Мирлан Ахмедияұлының қолдауымен белбеу күресінен біздің академиямызда да біршама облыстық турнирлер мен чемпионаттар өткізілуде. Алдағы 2019 жылы 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ҚР чемпионатын Қостанай жерінде өткізуді жаттықтырушылар жоспарлауда. Ондай мүмкіндікке қол жеткізетін болсақ, онда Академия қабырғасында болары анық. Себебі Қостанай өңіріне еңгізіп қана қоймай және сондай – ақ дамытуына үлкен үлес қосып жатқан жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының қызметкерлері жұмыс істеуде.

Жарысқа жақсы қатысып, жеңіліс тапса да өздерін жақсы көрсете білген академияның курсанттарына Бәшір Ғасырбек, Сәбит Жан, Білім Әлібек, Сейтмаханбет Рахат, Болатов Бахтияр және Әшім Нұрсұлтан орынға таласқандағы көрсеткен қайсарлықтары  мен жігерліктері мол. Олар бұл жарыстан өздеріне керекті көптеген әдістерді үйреніп, тәжірибе жинақтады. – деді ЖжДД кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Өтенов Бағдат.

Қостанай облысы құрамасын ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ЖжДД кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Бағдат Өтенов пен осы белбеу күресінен ҚР спорт шебері, аға оқытушы полиция майоры Ержан Кабидуллинов өз жетекшілігінде алып барды.

 

3 – курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан