Тарихи сәттердің жабылу кеші

Наурыздың 24 – ші күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 3 – курс басшылығы ұйымдастырған 3 – курс курсанттары арасындығы жыл басынан бері созылып, 2015 жылдан бастап өткізіліп кележатқан, жылсайынғы дәстүрге айналған курсішілік спартакиядалардың жабылу салтанаты өтті.

Жабылу салтанаты ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңына әдейі жоспарланған болатын. Сондай – ақ, мерекелік қойылым елордамыз Астананың 20 жылдығына да орай өткізіліп отыр. Концерт басталып құттықтау сөз академия кадр бөлімінің бастығы А.К Ибраевқа берілді. Құттықтаудан кейін өздерінің тәтті қылықтарымен 3 – курс биші қыздары би тарту етсе, күміс көмей әнші жігіттері әнменен әрлеп, күйшілері күйменен жұртты тербеді. Ал курсымыздың көңілді жігіттері баршаны күлкіге қарық қылды.

Академия кадр бөлімінің бастығы Ибраев 3 – курс курсанттарын академияға қосқан үлгілі үлестері үшін алғыс айтып, мадақтау қағаздарын табыстады. Ең қызықты сәт әрине қатысушыларды марапаттау болды. Спартакияданың әр бір қатысушысына жеке – жеке бағалы сыйлықтар табысталды. Сахнада естелікке суретке түсіп тарихи сәттің айнасына ілікті.

Биылғы спартакияда нәтижесі бойынша марапатталушылар:

Кіші футболдан жүлделі орындарға ие болған аяқдоп шеберлерін Тілдер кафедрасының аға оқытушысы Полиция подполковнигі Дерипсалдин Ербол Қалыбекұлы марапаттады:

3 – орынға ие болған 307 топтың курсанттары марапатталды.
2 – орынға ие болған 305 топтың курсанттары марапатталды.
1 – орынға ие болған 301 топтың курсанттары марапатталды.

Үздік ойыншы номинациясымен 301 топ курсанты Абенов Мейірхан марапатталды.

Келесі кезекте қолдоп шеберлерін марапатталды. Марапаттау мен сыйлықтарды 3 курс бастығының орынбасары полиция капитаны Қадіров Қайрат ұсынды:

3 – орынға ие болған 304 топтың курсанттары марапатталды.
2 – орынға ие болған 303 топтың курсанттары марапатталды.
1 – орынға ие болған 305 топтың курсанттары марапатталды.

Үздік ойыншы номинациясымен 305 топ курсанты Бибол Ерден марапатталды

Үстел теннисті бойынша 3 курс бастығы Кусеубаев Азамат Браліұлы марапаттады:

3 – орынға ие болған 303 топтың курсанттары марапатталды.
2 – орынға ие болған 301 топтың курсанттары марапатталды.
1 – орынға ие болған 310 топтың курсанттары марапатталды.

Академиямызда тұңғыш рет өткізілген шаңғы жарысы бойынша марапттауды 3 курс бастығының орынбасары полиция капитаны Жандауов Бағдат жүргізді:

3 – орынға ие болған 303 топтың курсанттары марапатталды.
2 – орынға ие болған 305 топтың курсанттары марапатталды.
1 – орынға ие болған 310 топтың курсанттары марапатталды

ал қыздар арасында:

3 – орынға ие болған 3 топтың курсанттары марапатталды.
2 – орынға ие болған 2 топтың курсанттары марапатталды.
1 – орынға ие болған 1 топтың курсанттары марапатталды

Ал спартакияда қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлдегерлерді марапаттауды 3 курс бастығы полиция подполковнигі Кусеубаев Азамат Браліұлы марапаттады:

3 – орынға табан тіреген 301 топ марапатталды.
2 – оырнды қанағат тұтқан 310 топ маратталды.
1 – орынды иеленген биылғы чемпиондар 305 топ марапатталды.

3 – курс курсанты
полция қатарындағы
Тұрсынбай Думанжан