Авторлық ұжымның кезекті отырысы

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев Қостанай академиясы елімізге білім мен ғылымның дамуына үлкен үлесін қосып келе жатқан іргелі оқу орындрының бірі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 17 наурызында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы кезекті рет ізденіс тақырыбы бойынша авторлық ұжымның отырысын өткізді. «Көп түкірсе көл болады» демекші, авторлық ұжым маңызды мәселелер бойынша жиын құрды.

Авторлық ұжым Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі С.Н.Бачуриннің төрағалығымен келесі сұрақтарды қарастырды: 1) БАжҚД тыңдаушыларына арналған анкетаны талқылау; 2) Дәрісшілер тобының жоспарын талқылау; 3) Халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау; 4) «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңының нормаларын кафедраның жеке құрамына жеткізу; 5) 2 курс магистранттарының әдістемелік нұсқаулықтарын талдау мәселелері талқыланды.


Жұмыста ұтымды ойлар мен тұшымды тұжырымдар жасалып, тиянақты ойлармен қорытындыланды. Қаралған мәселелер назарға алынып, жұмыстың барысында негіз алатындығы көрінді.

МҚП кафедрасының

аға оқытушысы

полиция капитаны М.Смагулов