Кәсіби практикадан өту барысы тексерілді

Практикаға қажетті кәсіби дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру үшін, сондай-ақ теориялық білімдері мен тәжірибелерін тереңдету және нығайту, болашақ мамандықтарына жақындай түсу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Күндізгі оқыту факультетінің төртінші курс курсанттары Қазақстанның әр түрлі аумақтық органдарында кәсіби тәжірибеден  өтуде. Осыған орай 2018 жылдың 12-13 наурыз күндері аралығында «Бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды дайындаудағы Бауыржан Момышұлы еңбектерінің маңыздылығы» тақырыбы бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына іс-сапар барысында ОҚО бойынша ҚАЖ департаменті ИЧ – 167/4 әйелдер колониясында  кәсіби практикадан өтіп жатқан курсанттар Абдулла Жансұлу мен Хайрулла Гульзира қызмет атқаруын, ИЧ – 167/9 мекемесінде Жаркинбек Нуржан Жаркинбекұлы, ҚАЖД кадр бөлімінде Тельман Гульжанат атты курсанттарымызды Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Е.Е. Қайнармен тексерілді. Курсанттар аталмыш мекемелерде жасақ бастығы, ОТО бөлімінің инспекторы, кадр бөлімінің инспекторлары лауазымында тәжірибеден өтуде. Мекеме бастығының айтуы бойынша кәсіби практика барысында курсанттар аз уақыттың ішінде өздерін тек жақсы жақтарынан ғана көрсете білді. Тексеріс барысында тәжірибеден өтіп жатқан курсанттар табысты тәжірибелік жұмыстың негізі қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау шараларынан, қауіпсіздікті нығайтудан тұратынын, сапалы берілген білімді ұтымды пайдалана білу керектігін және күнделікті жұмыс барысында теория мен тәжірибенің тығыз байланысты екенін мойындап жатты.


Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Е.Е. Кайнар