«Текті сөздің төресі – терме»

«Мәдениет университеті» жобасының аясында ұйымдастырылып жатқан барлық аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын курсанттарға жеткізу, түсіндіру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, сөйлеу мәдениетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттау болып табылады.

Өнер де осы мәдениеттің белгілі бір бөлшегі. Соның бір айғағы ретінде ұлттық музыка өнерімен жақынырақ танысу үшін Академия курсанттары 2018 жылдың 16 наурызында Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Мирас» мәдениет үйінде өңір өнерпаздарының басын қосқан «Текті сөздің төресі – терме» атты  жыршы-термешілердің облыстық байқауына барып тамашалап қайтты.

Сайысқа сөз өнерін жетік меңгерген термешілер қатысты.

Үміттерін үкілеп келген термешілер ұлттың болмысын, елдің бірлігін, Астананың 20 жылдығы мен Наурыз мерекесін термелеріне арқау етті.

Байқаудың мақсаты — эстетикалық тәрбие арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан, тамыры тереңге жайылған ұлттық мәдениетіміздің тарихын, оның рухани болмысын, тұтастығын өркендету,  дамыту және оны сақтау.




Тәрбие жұмысы бөлімінің

музыкалық жетекшісі

 Б. Курмангалиева