Салауатты өмір салты орталығына шығу оқу сабағы

2018 жылдың 15 наурызында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттарымен (113 оқу тобы) «Салауатты өмір салты орталығына» «Әлеуметтік медицина негіздері» пәнінен «Әлеуметтік медицина тұрғыдағы репродуктивтік денсаулық. Қазіргі қоғамның эротизациясы» № 4 тақырыбы бойынша шығу сабағы өткізілді. Шығу сабағында Салауатты өмір салты орталығының қызметкерлері курсанттарға жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығына әсер ететін факторлар жөнінде қажетсіз қауіп-қатерге ұшырамау үшін түрлі жағдайларда өздерін қалай дұрыс ұстау керектігі жөнініде кеңестер берді, оның ішінде өмір салты (тамақтану, күйзеліс, дене белсенділігінің төмендеуі, күн тәртібі, еңбек және демалыс, жыныстық мінез-құлық және т.б.), зиянды заттектерді (темекі, ішімдік, есірткіні) тұтыну туралы, экологиялық орта (қоршаған ортаның ластануы, радиация); тұқымқуалаушылық туралы сипаттамалар берілді. Жалпы жеке гигиена туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, туберкулездің таралу жолдарын, одан қалай сақтану жолдары бойынша, мәліметтер беріліп бейнероликтер көрсетілді. Денсаулық сақтау министрлігінің ескертулері бойынша: Өз денсаулығыңызды күтіңіз – медициналық тексеруден өту туралы скрининг бойынша ақпараттар берілді.

Сабақтың соңында, курсанттар жас жігіттер мен қыздар алдағы ата-аналық қызметті жете түсінуі және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараулары тиіс. Жасөспірімдер ағзадағы, әсіресе болашақта әке және ана болуға кедергі келтіретін көптеген патологиялық өзгерістердің қайтымсыздығын түсінулері қажет екендігін түсінді.

 

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының

аға оқытушысы Садыханова Ш.К.

 


Выездное учебное занятие в Центр по формированию здорового образа жизни

15 марта 2018 года в рамках изучения дисциплины «Основы социальной медицины» с курсантами 113-114 взводов, обучающихся по специальности «Социальная работа», было проведено выездное занятие в Центр по формированию здорового образа жизни.

Специалисты Центра подробно рассказали курсантам и продемонстрировали на примере слайдов и видеофильмов вопросы, касающиеся личной гигиены, охраны репродуктивного здоровья, факторов, влияющих на репродуктивное здоровье, а также дали несколько дружеских советов по соблюдению личной гигиены и, как правильно себя вести в разных ситуациях, чтобы не подвергать себя ненужному риску.

В завершении занятия курсанты сделали вывод, что юношам и девушкам важно осознать предстоящие родительские функции и выработать ответственность за собственное здоровье. Забота о своем здоровье, в том числе репродуктивном, должна стать нормой и культурой поведения каждого человека.

Старший преподаватель кафедры организации социальной работы

в органах внутренних дел подполковник полиции Конвисарь А.А.