Шырақбек Қабылбаевқа тағзым

2018 жылдың 14 наурызында тілдер кафедрасының «Лингвистикалық үйірмесі» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысында күн тәртібіндегі сұрақтардың бірі Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев дүниеге келгеніне 110 жылдығы толу мерейтойына байланысты атқарылатын іс шаралар болды.

Аталған мерейтойға байланысты күндізгі оқу факультетінің курсанттары арасында қара өлең оқу байқауы ұйымдастырылды.

Әр ғасырдың да, бір дәуірдің де терең сыры, өз бояуы бар. Жарқын сәулесі де күңгірт көлеңкелі тұстары да аз емес. Өткен мен бүгіннің және ертеңнің шытырман іздері араласып жатыр. Алайда, тарихтың кестелі шежіресіне кез келген пенде өз өрнегін қалауынша ойып сала алмайды. Тарихтың таңбалы тасындай ел есінде аты қалғандар – топтан озғандар.

Міне, сондай ұлы тұлғаларымыздың бірегейі, халқымыздың аяулы перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері, екі рет Ішкі істер министрі болған, өмірі мен қызметінің басым бөлігін жас ұрпақтың тәрбиесі үшін үлгі-өнеге айналдыра білген генерал- лейтенант Шырақбек Қабылбаев болды.

Тілдер кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі Г. Семятова

Тілдер кафедрасының оқытушысы

полиция майоры Б. Султанов

Қазағымның батыр ұлы – Шырақбек

Қаламұщта ойларым бар қарымды,

Жылытсам деп жырларыммен жалынды.

Қасиетті қазақ елі киелі,

Туған талай асылдармен дарынды.

                   Елін қорғап өжет мінез ер бабам,

                   Қасіретке қарсы шығып торлаған.

                   Тәуелсіздік аталатын бойтұмар,

                   Бұйырыпты бүгінгі жас төр маған.

Сөз төркінін кестелі оймен дестелеп,

Бабам салған қасиетті көшке ерем.

Шырақбектей батыл шыншыл ұлыңның,

Тақтасы бар тарихымда өшпеген.

                   Бақпа бәлкім басқа қонған алдағы,

Қуанғандай қазақ КСР арманы.

Біліп сауат ізгіліктің ізі бұл,

Ішкі істер министрі болғаны.

Парасатпен пайым болса пенде де,

Адастырар алға қойған жол неге.

Шындылдығы Шырақбектің бір бөлек,

Мән бермеген мансаппенен шенге де.

Ізін басып ұлылардан жол алдым,

Өнегелік ұлы қылып солардың.

Рухани ұлт жаңғырып жатқанда,

Басымызға талай бақыт қонарын.

Тәуелсіздік туын ұстап сәтті, аман,

Жүрегіме қатты қайрат отты алам.

Әділдікті айқара ұстап ту еткен,

Шырақбектей батыл ермен мақтанам.

КОФ 101-топ Мерек Назерке

Ғылыми жетекші

полиция майоры Б. Султанов

Шырақбек Қабылбаев

1908 жылы қайталанбайтын  тұлға туылған.

Қазақ тарихында алтын  әріппен жазылған.

Биыл міне 110 жыл Сіз келгелі өмірге ,

Қазақ елде мерей той қуаныш толы көңілде .

1976 жылы ауыр қайғы құлады мұңара ,

Жоғалды үлкен тау, тарихқа салды бір жара

Шырақбек батыр қазақтың ең алғашқы генералы,

Қазақ елдің байтерегі, теңізінің бір аралы.

Ғасырда бір туатын Алаштың ұлы ұлысың,

Қазақтың бақыты үшін бәріменде таластың,

Үлгі тұтамын , мақтанамын мен Сізбен

Жол саламын өлеңменен Сіз жүрген сол ізден .

Ерлігіңді ұмытпайды қазақ елі тік тұрып

Еске алып асыл аға еңбегіңді бүгінде

Мына өмірден оздыңыз ерте мәңгілік

Сіз екенсіз қазағыма болған жұлдыз, шамшырақ .

Сұлтанбеков Ернұр

108-оқу тобы

Ғылыми жетекшісі Кинжебаева Л.