Жолдаудың оныншы міндеті – «Ақылды қала – болашаққа қауіпсіздік» атты тақырыппен жүзеге асты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін деген оныншы міндетін көрсеткен болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы үшін әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруден асқан маңызды мақсат жоқ, ол үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қазіргі заманғы өндірістің инновациялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «ақылды қалалар» жобасын жүзеге асыру қажет. Осыған байланысты жолдаудың оныншы тарауын орындау және осы нақты міндет туралы курсанттарға түсіндіру мақсатында 302 және 308 оқу тобында кураторлық сағат өтті.


Кураторлық сағат барысында ақылды қала арқылы қазіргі заманғы өмір сүру сапасын инновациялық технологияларды қолдану есебінен қаланың тыныс-тіршілік жүйелерін үнемді пайдалануды қамтамасыз етуге, жалпақ тілмен айтқанда, ақылды қала – бұл ақылды басқару, ақылды тұру, ақылды орта, ақылды экономика, ақылды ұтқырлық, ақылды ұтымдылық екені туралы курсанттарға түсіндіріп кеттік.

Сонымен қатар дүниежүзі бойынша «ақылды қалалар» рейтингі бойынша басты қалалар туралы айтып өттік.


Қазіргі уақытта еліміздің бас қаласы Астананы және басқа да қалаларды біртіндеп «ақылды қалалар» рейтингі бойынша көшбасшы қалаларға айналдыру мақсаты тұр. Болашақ ақпараттық технология мен жасанды интеллекттің жағында екенін уақыт біртіндеп дәлелдеп келеді. Демек, жаңалықтарды жатсынбай, жатырқамай қабылдап, пайдаға жарататын күн де алыс емес екені туралы да курсанттарға жеткізілді.

Жалпы, кураторлық сағатты тәрбиелік деңгейдегі сөйлеммен аяқтадық: «Дамыған ел дегеніміз – көп оқитындар, бір-бірін сыйлайтындар, мәдениетті де тәрбиелілер, уақытты бағалайтындар, рухани азықты қажет ететін жастар ететіңдер, біздің жағдайымызда дәл қазір осыған тіреліп отыр, сондықтан осы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, еліміздің жарқын ел болуға үлесімізді қосайық».

302 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

308 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева