Жолдаудың сегізінші міндеті – «Бір терезе» қағидатымен жүзеге асты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаудың сегізінші міндетінде тиімді мемлекеттік басқару жайы айтылған. Осыған орай кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет екендігінде нақты белгілеп кетті.   «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретінің ескерілген.

Жолдаудың сегінші міндетін орындау мақсатында, «Бір терезе» қағидатын ескере отырып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қостанай қ. № 2 бөлімінің құжатты қабылдау бойынша маманы Е. Нұрмановты кураторлық сағатқа шақырған болатынбыз. Кездесу КОФ 3 курс 302 және 308 оқу тобының курсанттарымен өтті.



         Кураторлық сағат барысында Е.Нұрманов «Электрондық үкімет» порталын қолдану ережелерін түсіндіріп, ғаламтор жүйесі арқылы «еgov» бағдарламасы бойынша жеке куәлікті қайта жаңарту, декларацияны тапсыру, мекен-жай анықтамасын және тағы басқа керек құжаттарды алуға болатының көрсетіп үйретті. Сонымен қатар, курсанттар қойған өз сауалдарына толыққанды жауап алып, бұл кездесу қызықты да, қажетті де болды.


         Кураторлық сағат соңында топ кураторлары курсанттарға тәрбиелік мақсатта, заман талабынан қалмау, еліміздің 30 ел қатарына қосылу үшін ендігі мақсат—жүктелген міндеттерді бірлесе жүзеге асыру екендігін және алға қойған ауқымды жоспарларды орындау үшін бәріміз күш-жігерімізді біріктіріп, бірге әрекет етуіміз қажет екендігін айтты.

302 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

308 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева