Елбасының жаңа бастамасы елдің дамуына жаңа серпін берді

Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа бес жаңа әлеуметтік бастамасын жодағаны баршамызға аян.

Аталмыш бастамада Елбасы 5 нақты бастамаға назар аударып, Үкімет басшыларына тапсырма тапсырды. Олар;

бірінші бастама – «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»,

екінші бастама – «Жалақасы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»,

үшінші бастама – «Жоғары білім алудың қол жетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту,

төртінші бастама – «Шағын несие беруді көбейту»,

бесінші бастама – «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру»  болып табылады.

Кеше осы бастамаларды халық арасында дұрыс түсіндіру мақсатында бір топ комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына келіп Академияның жеке құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Саят Жұматұлы Шаймурунов қазіргі таңдағы жастар мәселесін сөз етіп, Елбасының ел үшін атқарып жатқан еңбегін, оң саясатын қолдайтындығын және оны атқару жолында аянбай бірігіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Саят Жұматұлынан кейін Қостанай облысы бойынша «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» филиалының директоры Даурен Мұратұлы Саудабаев сөз алып, облыс орталығында салынып жатқан жаңа шағын аудан құрылыстарын және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Банк филиалы төрағасы Даурен Мұратұлы басында баспанасы жоқ   Академия қызметкерін мемлекеттік бағдарламамен жеңілдік ипотекалық бағдарламаларға қатысуға шақырды.

Даурен Мұратұлының сөзінен кейін Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің докторанты, «Ел-ертеңі» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Болат Назмышұлы Қалиев жоғарыда айтылған бастамалардың үшінші және төртінші бастамалар туралы кеңінен тоқталып, айтып өтті. Ол өз сөзінде көпшілікті Президенттің үшінші бастамасындағы жатақхана мәселесін кезінде бірінші болып, Үкімет алдында көтерген өзі екенін құлағдар етті. Егерде күн тәртібіндегі шешілмей жүрген мәселені бірігіп,ел болып, заң аясында Үкімет, Елбасының алдында дұрыс көтере білсек, шешімі табылмайтын мәселе жоқтығын айтып өтті.

Міне, осылай Академияға келген қонақтар Елбасының үндеуін халық арасында  тереңірек жеткізе білді. Кездесуді жүргізген Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі  Ербол Қаппасов сөз соңында келген қонақтарға алғыстарын білдіріп, Академияның есігі қашанда ашық екенін айтып, жылы лебізін білдірді.

Ербол Төлегенұлы да Елбасының әрбір Жолдауын айтқан тапсырмаларын бұлжытпай орындап отырғанын, атқарылған істер турал БАҚ беттерінде жиі жарияланатынын тілге тиек етті.

Академияның баспасөз қызметі