Денисов және Таран ауданындағы кәсіби бағдар беру жұмысы өтті

Адам өмірде екі нәрсені дұрыс таңдауы керек. Оның бірі өмірлік серік болар жар болса, ал екіншісі мамандық. Өзінің болашағын шешіп, қайда оқып, қандай білім алып, қайда жұмыс істейтінін таңдайтын сәт туады. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілек тілей отырып, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға шақыру мақсатында 2018 жылдың 5-7 наурыз аралығында педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Б.Абдыкалыков, кафедра оқытушысы полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева және КОФ 2 курс курсанттары К.Кустанов пен А.Урумбаевпен бірге Денисов  ауданындағы «№ 1 Денисов орта мектебі», «№ 2 Денисов орта мектебі», «№ 3 Денисов орта мектебі», «Перелески орта мектебі», «Глебов орта мектебі» және Таран ауданына қарасты Тобыл орта мектебі» мен «№ 116 Тобыл орта мектебіне» кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы дәрісбаян өткіздік.

 Oқушылaрға кәcіби бaғдaр беру жұмыcын өткізу бaрыcындa академияның тарихы, дайындалатын мамандықтар, академия жетістіктері жайлы мәліметтер берілді. Құқық қорғау органдары қызметіндегі болашақ мамандардың атқаратын қызметтерінің маңыздылығы туралы, oқу oрнының тұрмыc тіршілігі, oқуғa түcу үшін қaжетті құжaттaр, талапкерге қoйылaтын тaлaптaр жaйлы aқпaрaт берілді. Оқушылар тарапынан қызықтыратын түрлі сұрақтар қойылып және оларға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

         Жалпы айтқанда кәсіби бағдар беру жұмысына байланысты іссапар ойдағыдай өтті.

Педагогика және психология

кафедрасы