Сұлулық сыры – күтімде

Сұлу, әдемі болып көріну — өнер. Өнерге баулу арқылы ғана адам оны өз бойына дарыта алады. Әдемі болу өнерін үйрену қиын емес. Бар болғаны, еріншектікке жол бермеу. Бәріміз де сұлулыққа құштармыз. Әдемі болғымыз келеді. Сұлулық салондарының есігін жиі қағатынымыз да сондықтан ғой.

Психологтар мынадай дәлелді келтіреді: сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады. Табиғаттың әйелді қалай жаратқандығына қарай, ол өзіне өзгелердің таңданысы пен өкінішін тудыра алады.

Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды. Сол себептен көктемнің алғашқы мейрамына байланысты, КОФ 3 курс 302 және 308 оқу тобының қыздарына сыйлық ретінде «визажист» маманы Манатова Альбинаны шақырған болатынбыз. Бұл кездесуде “бет күтімі” жайында сыр шерттік.

Визажист қыздарға дұрыс кәсіби боянудың бірнеше әдісін түсіндіре кетуді жөн көрді. Ол бояу адамның өңін ашып, әрлендіріп тұруы, күндізгі, кешкі, сауық-кештер мен той макияждары қандай болуы керектігін және қасты қарлығаштың қанатындай формаға келтіру кез келген арудың ажарын ашады және бойжеткенге нәзіктік пен сұлулық сыйлайтыны туралы да айтып кетті.

Ең бастысы макияж жасағанда табиғилықтан алыстап кетпеу керектігін басты назарға ұстаған визажист маманы Альбинаның берген кеңесі курсант қыздардың көңілінен шықты.

 

 

302 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

 

308 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева