Академия ардагерлерін курсанттарымыз 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен  құттықтады

45 жылдан астам тарихы бар академиямызды қазіргідей дәрежеге жеткізу үшін қаншама адам адал еңбек етті. Сол адамдарды әр қашан есте сақтап, құрмет тұту академиямыздың әрбір офицерімен курсантының міндеті.

Академия басшылығы бұл мәселені назардан тыс қалдырып жатқан жоқ. Қандай бір мейрам болмасын курсанттарымызбен, академия офицерлері барлық ардагерлерімізді құттықтап, сыйлықтарын сыйлап қуантуда. Құттықтаумен шектелмей қандай да бір көмек керек болса әрқашан қол үшін тигізуді. Әрине, ардагерлерімізде өте риза. Академия басшылығымен курсанттарымызға алғыстарын шексіз білдіріп, осы уақытқа дейін ұмыт қалдырмай, көңіл бөлгендеріне ағынан жарылып қуаныштарын айтады.

Жақында келе жатқан үлкен мейрам 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен курсанттарымыз Академия ардагерлерін тағы бір қуантып келді. 2 курс курсанттары ардагерлеріміздің үйлеріне барып, қал-жағдайларын сұрап, алда келе жатқан мейрамдарымен шын жүректен құттықтап, Академия атынан кішігірім сыйлықтарын табыстады. Курсанттарымызға ақ баталарын беріп, қуанышқа бөленген ардагерлеріміз тағы бір шаттанып қалды.

Жалпы ардагерлерімізді ұмыт қалдырмай, назарда алып жүрген академия басшылығына барлығы алғыс білдіруде. Осы арқылы курсанттарымызға ардагерлерді құрметтеу керек екіндігін көрсетіп,  тәлім-тәрбие беруде.

Дегенімен де сол ардагерлеріміздің маңдай тері болмаса, осындай жарқын болашақты көруіміз екі талай еді.

 Академия баспасөзінің мүшесі

2 курс курсанты Д. Әділдәбеков