Халық қалаулысымен онлайн жүздесу

Қостанай қалалық «Қостанай Оңтүстік» кітапханасында Астана мерейтойына арналып өткізіліп жатқан іс-шаралардың біріне Қостанай академиясының 1 курсының 101 оқу тобы мен 2 курсының 208 оқу тобының курсанттары қатысып қайтты. Бұл іс-шара халқына қалаулы, танымал актер, продюссер, тележүргізушы, әсіресе жастардың сүйіктісіне арналған азамат – Азамат Сатыбалдымен онлайн жүздесу болды.

Театр мен кино актеры, шоумен Азамат Сатыбалдыны тек қана теледидардан көретін курсанттар, экранның әр жағынан болғанымен, бар назарын өздеріне аударып, сұрақтарына жауап беріп отырған актерге курсанттар дән риза болып, кәдімгі кездесуде отырғандай сезінді.

Іс-шараға қатысушы курсанттар Азамат Сатыбалдыға қызықты сұрақтар қойып, актерлік өнердің қиындығымен және қызығымен байланысты оқиғаларын да айтып беруін сұрады.

Өз кезегінде Азамат курсанттарға қай салада болмасын алдымен Еліне, Отанына адал қызмет ету – басты парыз екендігін айтты. Сонымен қатар курсанттарға – жас буынға өз ақыл-кеңесін беріп, ақ жол тіледі.

Осындай кездесуге риза болған курсанттар кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды. Ал кітапхана қызметкерлері курсанттарға Астана мерейтойына байланысты шағын дәріс оқып, мағлұматтар берді. Кездесу өте сәтті өтті. Курсанттар тағы да осы сынды кездесулердің жиі өткізілуін қалайтындықтарын жасырмады.

А. Мұрат

101 оқу тобының кураторы,   полиция аға лейтенанты