Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары: кәсібиліктеріңізге рахмет!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/17 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі, әділет капитаны Балдиев Руслан Қалидоллаұлы (топ командирі):

Құрметті генерал-майор мырза! Офицер мырзалар! 2018 жылғы 19 ақпан мен 3 наурыз аралығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен барлық тыңдаушылар атынан Сіздерге үлкен алғыс айтқым келеді!

Біліктілікті арттыру курстарын өту барысында қызметімізге қатысты көптеген мағлұматтар алдық, білімімізді тағы бір шыңдап қайттық. Өткізілген дәріс сабақтар, тәжірибелік сабақтар, пікір-таластар, тренингтер өте қызықты, білімді өткізілді. Сабақ берген барлық оқытушылар өте білімді, жоғары білікті мамандар, атап айтар болсам, полковник А.А. Базарбаев, полковник Д.Б. Тойматаев, отставкадағы полковник И.В. Слепцов, подполковник А.А. Бойко, отставкадағы подполковник С.В. Корнейчук, отставкадағы подполковник Б.К. Эсов, подполковник М.О. Лұкпанов – өз істерінің мамандары екендігіне күмән жоқ. Пікір-таластар, дәрістер өткізу кезінде қызықтырған сұрақтарымызға ортақтаса отырып, толық жауап алдық.

Сіздерге қызметтеріңізде табыс, қажымас қайрат, сәттілік тілеймін! Академия көркейе берсін, алға басуына тілектеспіз! Үлкен рахмет Сіздерге!

Астана қ. бойынша ҚАЖД аға инспектор-кезекшісі, әділет майоры Сағиев Айдын Құмарбекұлы:

Біліктілікті арттыру курстарында өзіміздің қызметімізге қажетті көп маңызды мәліметтер алып, ҚР заңнамаларының жаңа өзгерістерімен және толықтыруларымен таныстық.

Бұрын 2007 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен болатынмын. Қазір көп өзгерістер, ілгерлеу байқадым. Әсіресе, мемлекеттік тілде берілген дәрістер ұнады. Одан басқа өткізілген кәсіби шеберлік сайысы да қатты ұнады, тыңдаушылардың  білім сапасын одан әрі шыңдай түсті. Сонымен қатар, мұражай, театрға бару сияқты өткізілген мәдени іс-шаралардан тыңдаушылар үлкен әсер алды.

Республикамыздың барлық облыстарынан біліктілікті арттыру курстарына келген Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері мекемелерінің кезекші қызметкерлерінің атынан Академия басшылығына және профессорлық-оқытушы құрамына үлкен алғысымызды білдіремін.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/1 тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі, әділет капитаны Қошқаров Саламат Мирболатұлы:

Мен Академияны 2013 жылы аяқтадым. Осы бес жыл ішінде Академиядағы өзгеріс көп, соның ішінде атап айтар болсам, біріншіден тәртіп қатаңданған, Академияның жалпы келбеті өзгерген, көріктенген. Шарықбек Қабылбаевтың есімі берілген. Туған оқу орнымыздың осындай алға басып көркейіп келе жатқанына өте қуандым.

Бес жылдан соң Академия қабырғасына біліктілікті арттыру курстарына келдім. Біліктілікті арттыру курстарында сабақ берген оқытушылар өте тәжірибелі, білімді. Өзімнің қызметіме қажетті көп нәрсе алдым, білімді тағы бір толықтырып, жаңартып барамын.

Институттың қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз. Институттың жұмысты ұйымдастыруын жоғары бағалаймын, бәрі қатты өте ұнады. Өткізілген сайыс, мұражайға экскурсия, театр – бәрі өте ұйымдасқан, өте жоғары деңгейде өтті.

Сайыс өте белсенді, әділ өтті, әрбір қызметкер белсене қатысты, сайыс биік дәрежеде болды. Өзімізге өте үлкен әсер алдық. Үлкен рахмет