Қазақстан Республикасы қылмыстық процесс құқығы пәні бойынша академиялық ашық сабақ өткізілді  

2018 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының №1 дәріс залында Күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 203 оқу тобынмен ҚР қылмыстық процесс құқығы пәні бойынша «Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен адамдар» №4 тақырыбы бойынша Күндізгі оқыту факультеті мен профессорлық-оқытушы құрамының  қатысуларымен ашық сабақ өткізілді. Бұл тақырып өте ауқымды да күрделі тақырыптардың бірі болғандықтан курсанттардың тақырыпты жетік меңгерулері және толығымен ашу үшін тәжірибелік сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты -курсанттардың кәсіби біліктілігінің тереңділігін қамтамасыз ету, келешекте кәсіби заңгер болулары үшін қылмыстық іс жүргізу теориясы мен құқығын толық меңгерту, қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың, уәкілетті органдардың  міндеттерін, құқықтарын, өкілеттіктерін толық, жан-жақты түсіндіру және бұған дейінгі алған білімдерін шыңдай түсу. Себебі, тақырыптар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.

Ашық сабақ барысында курсанттар үш топқа бөлініп, топтық жұмыс ұйымдастырылды. Бірінші топ – мемлекеттің мүддесін қорғаушылар, екінші топ – өз құқытарын қорғаушылар және де үшінші топ – өзге де процеске  қатысушылар. Топтық жұмыс арқылы курсанттардың арасындағы  ұйымшылдық қасиеті арта түседі. Жалпы сабақ үш кезеңнен  құралды. Бірінші кезең курсанттардың өздеріне семинар сабағында тапсырылған үй тапсырмалары. Үй тапсырмасы бойынша олар тақырыпқа байланысты презентация дайындап оны қорғаулары тиіс еді. Әрбір топ өзіне тапсырылған тақырыпты жете ашып оны басқа топтарға түсіндіре білді. Екінші кезеңде курсанттарға тәжірибелік есептер таратылды. Есептің негізінде олар тиісті сұрақтарға ҚР Қылмыстық – процестік кодексіне сүйене отырып жауап берді. Сондай-ақ топтардың арасында пікір-талас сайысы да өтті. Сұрақ қою барысында даулы мәселелер де пайда болды. Және үшінші кезеңде курсанттардың назарына бірнеше шағын бейнематериалдар ұсынылды. Бұл бейнематериалдардың  негізгі мақсаты —  қылмыстық істі жүргізу барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жіберілген қандай да бір қателіктерді тауып, өздерінің көзқарастарын дәлелдеп, дұрыс нұсқасын, дұрыс шешімін айту. Бұл, яғни, көріп отырғанымыздай курсанттардың байқағыштық қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. Ал байқағыштық қабілет болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін өте маңызды. Жалпы теориялық білімді тәжірибеде ұштастыра білу үшін болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлері өздерінің құқықтары мен міндеттерін тиісінше меңгеруі болды.

Сабақтың соңында оқытушы тақырып бойынша қарастырылған барлық сұрақтарды қорытындылай келе өз сөзімен түсіндіріп кетті. Пайда болған даулы сұрақтарға жауап беріп, бірнеше тәжірибелік мысалдарды келтірді. Топтық жұмыс барысында курсанттардың жіберген қателіктері жайлы ескертіп, сабаққа белсенді түрде қатысқан курсанттарды бағалады.

Қылмыстық процесс және криминалистика

қафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Е.Е. Кайнар