Бөлімше командирлер арасындағы сайыс

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акдемиясының 1,2,3 курс арасындағы үздік старшина, взвод командирі, взвод командирінің орынбасары, кіші командирлер мен бөлімше командирлері  арасында  Шырақбек Қабылбаевтың 110 жылдығына және Астананың 20 – жылдық мерейтойына арналған бірнеше байқаулар өтті. Сол байқаулардың бірі  1 – ші бөлімше командирлер арасында Макаров тапаншасын жинау – шашу және тактикалық білімдерін тексеру үшін байқау өткізілді.

Аталмыш байқауды Әскери және Тактикалық арнайы дайындау кафедрасымен 1 ,2 , 3 курс басшылықтары ұйымдастырды.  Сайыста әрбір курстан 5 бөлімше командирлері қатысты.

              Сайыста команда арасында:

1 орынды-  3 курс

2 орынды- 2 курс

3 орынды- 1 курстары иеленді.

              Осы Макаров тапаншасын шашып жинау сайысында ерекше көзге түскендер:

1 орын – 2 – курс курсанты Камен Б

2 орын – 3 – курс курсанты Беделбаев Д

3 орын – 1 – курс курсанты Бекуыс Б.

 Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция қатарындағы Советов. Б.Е