Курсанттардың алғысы

Айтарым көп, алғысым шексіз!

Бүгінде көптеген ұлттың ортақ шаңырағына айналған қазақ елі әлемге бейбітшілік, келісім мен татулықты үлгі етіп отыр. Тұңғыш рет дүниеде түрлі дін өкілдерін бір үстел басына жыйып, кеңес өткізіп, әлемді аузына  қаратқан қазақ елі өз арсеналындағы ядролық қаруды да жойып өзгелерге ой салған еді. Ал 1995 жылдың наурызында елімізде ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың нышаны — Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл дүние жүзінде бұрын сонды болмаған, әлемдік тәжірибедегі тың бағыт.

Халық бірлігі –киелі  сөз. Қазақстанда қазақты достықтың киелі қара шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті.Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елді ұдайы дамуға бастаған халықтың кеңдігі мен көшбасшымыздың  кемеңгер саясаты елімізде этностық ерекшелігіне, әлеуметтік, діни және өзге де шығу тегіне қарамастан жас  мемлекеттің барша азаматтарының ұйысынуына негіз болды. Мәңгілік ел болу — Қазақстан халқының ең асыл мұраты. Оған бастайтын бірден бір жол бірлік. Көптің қолы біріксе көкке жетеді деген даналарымыз. Қазақстан мәңгілік ел болу үшін ұлт диаспораларының қосар үлесі зор. Демек, бірлігіміз, бейбітшілдік пен келісім шежіресі, мызғымас бірлігіміздің жылнамасы -біздің басты қазынамыз.

Бірлік – халық дәстүрі. Ол отбасынан басталып, барша жұрттың, барлық адамзаттың бірлігімен жалғасады. Қазіргі танда ел арасына белгілі, кең таралған қария мен оның балаларына шыбықты мысалға ала отырып үйреткен бірлік жайлы сабағы, көпке танымал, әрі таным көзі болып табылады. Осындай келешек ұрпаққа үлгі болар тәлім-тәрбиелер ҚР ІІМ  Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қабырғасында терең жүргізіледі. Республикамызда айырықша орны бар, нағыз кәсіби мамандарды даярлайтын жоғары оқу орны болғандықтан өз тыңдаушыларын тәрбиелеуде оқу-зерттеу ережелерімен қатар тәжірбие жұмыстарымен шындап ұштауда. Бұл атқарылып отырған істер болашақ құқық қорғау қызметкерлерін тәни дайындап қана қоймайды. Сонымен қатар патриоттық деңгейде өткізілетін  іс-шаралар Академия  іргесіндегі жастарды эстетикалық адамгершілік тұрғыда жетілдіріп  шығарады. Тәлімгерлердің бойына бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтау олардың басты парызы екенін айқындайды.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 27 жылдығына аяқ басты. Бабалар арманы шындыққа айналып тұғырлы егемендікке қол жеткіздік. Бұл айшықты кезең біздің дара жол таңдап, берік құттың белесіне беттегенімізді дәлелдеп берді.

Ал алғыс айту мерекесі ынтымақты тұрмыс  кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүріне, жарқын болашаққа деген сенімнің бастауына, көптің асыға күткен шаттық мейрамына айналды. Әрбір азаматын бауыр еті баласындай бауырына басқан ыстық отанмымыздың гүлденуіне жол ашты, халқымыздың атын әлемге әйгілеп, мәртебесін өсірді.Түрі басқа болғанымен тілегі бір, жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, көп ұлттың өкілдерінің бірлігі арқасында өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайтындығымыз анық. Сондықтан туған жердің төсінде құшағын жайған тату еліміздің арасында бейбітшілікті сақтау әрбіріміздің басты міндетіміз.

Менде курсант болсамда өзімнің ата-анама, ұлағатты ұстаздарыма шексіз алғысымды білдіргім келеді. Әрбір отбасына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, РАХМЕТ, РАХМЕТ, РАХМЕТ дегім келеді.

 

Академия курсанттары баспасөз қызметінің мүшесі

1 курс курсанты

полиция қатарындағы

Айнур Кусаинова

 Алғыс айтам

Алғыс айту керек болса әуелі

Жаббар һаққа жалбарынғың мәуелі.

Одан кейің адамзаттың абзалы

Мұхаммедке салауат айт кәделі.

Алғыс айту керек болса алдымен,

Үлкендерді сыйла қазақ салтымен.

Анашыңнан алғысыңды аяма,

Тоғыз ай құрсағында көтерген.

Әр адамда жалғыз әке болады

Әке сөзі ақылға тез қонады.

Жалғызыңнан қызғанбағын құрметті

Қанаттыдан қорғаштаған баланы.

Алғыс айтып, қарсы аламын атқан таңды,

Мадақтаймын пенде қылған, жаратқанды.

Шүкір етем бал күндердің өмірдегі

Амандықпен өткен әрбір сағаттарды.

Тұрсынбай Думанжан

3 – курс курсанты

 Ата-анама мың алғыс

1-наурыз көктемнің алғашқы күні. Жай ғана алғашқы күні емес – алғыс айту күні. Алғыс айту күнінде мен өзімнің ата-анама алғыс айтқым келеді . Бұл өмірде мен үшін ата-анамның орны ерекше . Өмір есігін ашқаннан күннен бастап өмір парақтарымның әрбір беттерінде олардың ізі қалған . Ата-анам маған сөйлеуді , алғашқы қадам жасауды , көпшілік ортада өзімді ұстауды , тамақтануды бәрін-бәрін  үйретті . Біз қазір сол кісілердің арқасында осы күнге жетіп отырмыз , ата-анамызға тек бұл күні ғана емес күнде алғыс айтуымыз тиіс , олардың бар болғанына қуануымыз қажет . Оларға жай ғана қоңырау шалып жақсы көретінімізді айтып , әрқашан бірге бізге жасаған жақсылықтары үшін алғыс айтып жүруіміз керек.

1 курс курсанты Нақыпбеков С.Н

 

Алғыс күні құтты болсын

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының атынан бүгінгі 1 наурыз мерекесін пайдалана отырып, алғысымызды білдіреміз.

Ғаламтор деректеріне сүйенсек, Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «нау» – «жаңа», «руз» – «күн» деген ұғымдарды білдіреді. Наурызды қасиетті айға теңеген түрік халқы сонау ғасырлардан бері  жаңа күн келді, жаңа жыл келді деген наным-сеніммен тойлап келеді.

Қазақ елі көктемнің алғашқы күнін алғыс айтумен бастап, наурыз айының соңын жаңа жылдың келуімен аяқтап салтын, үрдісін, ата-бабамыздың сара жолын адал жалғастырып келе жатыр.

Бізде яғни, Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да бұл мерейтойдан құр қалмасы анық.

Қара жер жаралғалы қазағымның,

Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?

Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,

Жетті деп тарихымды жазатын күн.— дей отыра Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Өскелең ұрпақтың барлық жағдайын, заманауи техникалармен түгелдей қамтып, Қазақстанды аз уақытта ең жоғарғы дәрежеде дамытып, экономикадан да, саясаттанда өзінің парасаттылығымен алға шығып, қазақ үшін жанын құрбан етіп жүрген Елбасымызға алғысымыз шексіз.

Білім алып, тәлім- тәрбиесін сіңіріп, болашақта мықты мамандық иесі болуға баулып жатқан өзім армандаған оқу орнына алғысымды білдіргім келеді. Қазақ  ССР-дегі қазақтан шыққан тұңғыш генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаев атамызға алғысымыз шексіз.

Қазақстан Республикасының ІІМ құрылуына себепкер болған, өзі өмірден өтсе де, аты мәңгі ел жүрегінде болатын ұлы тұлғаға алғысым шексіз, көзін көрмесем де, өмір жолын оқып, зерттеп-зерделеп, сіңірген еңбектерін, елге еткен қызметтерін оқып тамсанамын. Шырақбек Қабылбаев атамыз салған сара жолды жалғастырушы, Қабылбаев атамыздың атын алған ҚР ІІМ Қостанай академиясының қазіргі уақыттағы тұғырлы оқу орнының басшысы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловқа да айтар алғысымыз шексіз.

Алғашқы кураторым, алғаш көргеннен-ақ жүрегіндегі жылулықты сезінген асыл адамдарымның бірі және бірегейі. Ол әрине, полиция майоры Нурмаганбетова Жанна Кенжеғалиқызы, 1 курстың 102 оқу тобының кураторы. Взводтағы барлық курсанттарды бірдей жақсы көретін, курсанттары үшін барлық жағдайды жасауға дайын, жанашыр, мейірімге жүрегі толы жанды айта кетпеуге болмайды. Барлық қырынан таныла білген, академияға келгеніне жыл болса да, жұмыс орнынан өз орнын таба білген, тек курсанттары үшін ғана емес, Академия атағын көтеру үшін аянбай қызмет ететін офицерлердің бірі.

Бұл Жанна апайымыз взводтың екінші анасы деп, анамыздай жақсы көреміз, көзімізден жыраққа кетсе сағынып, өзіміз демалысқа кетсек көруге асығатын, аз уақытта бауыр басып бір-бірімізді бауырымыздай жақсы көріп кеттік. Алдағы уақыттарда осы кісімен асу белестерді бағындырамыз деген үлкен үмітіміз бар.

Қазақстан Республикасын АДАЛ қызмет етемін!!!

 Академия курсанттар баспасөзі қызметінің мүшесі

1 курс курсанты

полиция қатарындағы

Гүлнұр Максетова