Тарихи тағылым-өткенге тағзым

2018 жылғы 27 ақпанда 313 және 314 оқу топтарының курсанттары, 2 курс магистранттары А. Әбдәлі мен Е. Тулегеновпен бірге Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада өткен «Тарихи тағылым-өткенге тағзым» көрмесі және «Достық» үйінде алғыс айту күніне  орай ұйымдастырылған  «Көктем дауысы» атты концертке қатысты.

Мерекелік іс-шаралар 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.

Көрмеде Қазақстанға жер аударылған халықтар туралы тарих беттерінен сыр шертетін, бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты Қазақстан халқының Ассамблеясы, қазақтардың салт-дәстүрлері, адамның ең жақсы қасиеттері-мейірімділік, қайырымдылық, ризашылық туралы кітаптар, журналдар мен мақалалар көрсетілген.

Кездесу барысында ортақ тарих және тарихи естеліктер негізіндегі қазақстандық сәйкестік пен бірліктің дамуын көрсететін мереке жайында айтылды. Курсанттар қазақ жерінің тарихын, жүздеген, мыңдаған адамдарды құшақ жая қабылдаған қазақ халқының қайырымдылығын еске түсірді, этносаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігі, сондай ақ еліміздегі келісім, ынтымақ пен өзара түсіністіктің сақталуы туралы өз ойларын айтты.

Іс-шараның соңында кітапхана қызметкері «Алғыс айту күні – бір бірімізге рахмет және алғыс айтуға жаңа бір қадам жасау» деп айтты.

313, 314 оқу топтарының кураторы полиция майоры А.А. Примкулова

Память во имя будущего

27 февраля 2018 года курсанты 313, 314 учебных групп совместно с магистрантами 2 курса Әбдәлі А. и Тулегеновым Е. посетили Областную библиотеку им. Л.Толстого, где состоялась выставка «Память во имя будущего» и концерт посвященный Дню благодарности «Көктем дауысы», который состоялся в Доме Дружбы.

Праздничные мероприятия отметили в преддверии 1 Марта — Дня благодарности. Это символ нашей общей исторической памяти, день общенационального единения, уважения и солидарности народа Казахстана.

На выставке были представлены книги, журналы и статьи, рассказывающие об исторических страницах депортации народов в Казахстан, об уникальном институте мира и согласия Ассамблее народа Казахстана, о традициях и обычаях казахов, о лучших человеческих качествах — доброте, милосердии, благодарности.

В ходе встречи было рассказано о празднике, который отображает развитие казахстанской идентичности и единства на основе общей истории и исторической памяти. Курсанты вспомнили историю казахской земли, милосердии казахского народа, принявшего сотни и тысячи людей, так же высказали своё мнение о необходимости межэтнического и межконфессионального согласия, сохранении в нашей стране особой атмосферы доверия, солидарности и взаимопонимания.

В конце мероприятия сотрудник библиотеки закончила словами: «День благодарности – это новый шаг навстречу друг другу, еще один повод сказать друг другу «спасибо»».

куратор 313, 314 учебных групп майор полиции Примкулова А.А.