Жаңа жолдау тренинг арқылы бастау алды!

Заман жедел болған сайын, біздің мемлекетіміздің алдында міндеттер айқындай түседі. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Міне, қазіргі таңда жаңа қабылданған Елбасы жолдауы ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайта түсті. Бұл Жолдау – бұрынғы үлкен стратегиялардың дамуы, соның жалғауы болып, екінші жағынан мүлде жаңа деңгей, мүлде жаңа дүниетаным, мүлде жаңа міндеттер алға шығып тұрғандығын көрсетеді.

Біздің яғни 302 және 308 топ кураторларының алға қойған міндеттердің басты шарты ретінде, осы Елбасы жолдауымен курсанттарды таныстыру еді. Кураторлық сағатта Елбасымыздың жолдауында елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой түйінінен өтіп, уақыт тізгінінен түзелген нақты 10 қадам, тапсырмалар ұсынылғаны туралы курсанттарға тренинг түрінде айтып жеткізілді.

Сонымен қатар, он негізгі міндет аясында өндіріс үрдістерін сандық негізге көшіру арқылы индустрияландыруды жетілдіру, білім беруді жаңа деңгейде дамыту, қаржы секторын қайта қалыптастырып, әрі қарай өрбіту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, тиімді мемлекеттік басқару жүзеге асатыныны туралы айтылып және әр кураторлық сағатта енді осы көрсетілген 10 нақты тапсырмаларға жеке-жеке көңіл бөлетіні жөнінде айтылды.

Кураторлық сағатты қорытындылай келе, осы жолдау туралы топ кураторлары мен курсанттар нақты өз ойларын білдіріп, алдағы уақытта еліміздің кемел болашағына деген жауапкершілікті Елбасымен бөлісе отырып, мақсаттарды жүзеге асыруда бар күш – жігерлерін аямайтынын жеткізді.

302 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

308 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева