Академия қызметкерлерінің Арқалық қаласындағы кәсіптік бағдар жұмыстары

2018 жылдың 22 – 25 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны М.А Жұмашев Арқалық қаласында қызметтік іс-сапармен болып қайтты.

Кәсіптік бағдар жұмысы барысында жалпы 4 орта білім беретін мектеп және мектеп – гимназиялардан, айта кетсек Ы.Алтынсарин атындағы мектебінен 20, Родина мектебінен 18, Фурмонов мектеп – гимназиясы 20, Восточный мектебінен 18, жалпы  80 – ге жуық оқушылар қатысып, оларға Қостанай академиясы туралы көптеген ақпараттар мен қызықты деректер көрсетіп, Академия сайтын, жыл сайынғы шығарылып отыратын альбом, журналдарын, сондай – ақ, Академия туралы бейнероликтерді тамашалатып, алдағы уақытта біздің Академияға түсіп, болашақ полиция офицері атануға деген қызығушылықтарын аша түсті.

Жоғарыда аталған кәсіптік бағдар барысында қазіргі мектеп жастарының болашақ тәртіп сақшысы болуға деген көзқарастарының оң екендігін байқадым. Олар маған біршама сұрақтар қойды. Көптеп мектеп оқушыларының біздің Академияға түсуге деген қызығушылықтары бар екендігі мені қатты қуантты.

 

ӘҚ және ӘҚ қызмет кафедрасының

оқытушысы полиция капитаны М.А. Жұмашев