ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 19 ақпанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» қаулыға қол қойды. Бұл мәңгілік ел құруды мақсат тұтқан әрбір азаматымыз үшін тарихи маңызға ие күн. Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңіне бей-жай қарай алмайтын әрқайсымыз үшін де көптен күткен сәт. Сондықтан да болар, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасымен біз де үлкен қызығушылықпен танысып шықтық. Және бұл нұсқа көңілімізден шықты.

Осындай сәтті пайдалана отырып, атаулы датамен, айтулы оқиғамен  барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен бірге, бекітілген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын және академияның атауы мен басшылық құрамының аты-жөндерінің жаңа әліпбимен жазылу үлгісін ұсынып отырмыз.

Qazaqstan Respýblıkasy Ishki ister mınıstrliginiń Shyraqbek Qabylbaev atyndaǵy Qostanaı akademıasy

Akademıa basshylyqy:

Qyzylov Mırlan Ahmedıauly

Qappasov Erbol Tólegenuly

Nurushev Ahan Jaqypbekuly

Temirǵalıev Nurbek Jaılanuly

Aıtqulov Qaırat Jaýkenuly

Bachýrın Sergeı Nıkolaevıch

Мемлекеттік тіл бөлімшесі