Академия басшылығымен кездесу

2018 жылдың 21 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атыңдағы Қостанай академиясының 3-ші курс курсанттарының Академия басшылығымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқу үлгерімі мен әскери-қызметтік тәртіптің сақталуы туралы сұрақтар талқыланды.

Кездесу Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтын сөзімен басталды. Оқу үлгерімі туралы күндізгі оқу факультетінің бастығы, полиция полковнигі Кульжанова Г.Т баяндап, алдыңғы емтихан нәтижелерімен салыстырды. Жеке құрам бойынша инспектор, полиция майоры Муслипов Ж, әскери-қызметтік тәртіптін сақталуы туралы және оқу жылының басынан бастап тәртіптік жазаға тартылғандар туралы баяндап статистика келтірді. Академия бастығының сөздері бойынша, болашақ түлектерді Академия қабырғасын жоғары білікті  маман болып шығаруға мақсат қойды.

Сондықтан әрбір курсант жан-жақты дамып, ішкі істер органдарының атына кір келтірмей, керісінше құрметті қызметкер деген атаққа лайық қызмет өткеру керек екендігін айтып өтті.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция қатарындағы Советов. Б.Е