Мамандық таңдау – маңызды қадам

Мамандық таңдау — адам өміріндегі алдағы болашағын айқындайтын, үлкен өмірге аяқ басатын маңызды қадамдарының бірі. Алтын ұя мектебінің қабырғасынан ұшатын түлек алдағы болашақ мамандық таңдау туралы ойлана бастайтыны белгілі. Осындай сәтте жасөспірімге қолдау көрсету, демеу болу және дұрыс бағыт-бағдар беру ата-ананың, ұстаздың және де әрбір жанашыр жанның міндеті.

Сан түрлі маман иелері арасынан «полицей» мамандығын таңдауды жасөспірімдердің бірі армандаса, енді бірі жүрексінеді, ал енді біріне қол жетпес мамандық ретінде көрінеді.

Түлектерге бағыт-бағдар жұмыстарын жүргізуді жалғастыру мақсатында Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының қызметкерлерімен де біршама жұмыс атқарылды. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының бірнеше мектебіне іс-сапармен барып, бағыт-бағдар жұмыстарын жүргізген қызметкерлер жас түлектерді өз қызметтерімен таныстыра отырып, мамандық таңдауда дұрыс бағыт беруге ықпал етті. Сонымен қатар, еліне адал қызмет еткісі келетін, жүрегі «елім, жерім» деп соққан азамат, өз елінің патриоты нағыз осы мамандық иесі болуы керек екендігін айтып өтті. Бұл әңгіменің мақсаты бір жағынан мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру болса, екінші жағынан жас түлектердің патриоттық сезімдерін жандандыру болды.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты