Теориядан практикаға

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылық құрамының 2011 жылғы 1 қарашадағы кеңейтілген жедел селекторлық кеңес хаттамасы шешімінің 18 тармағын орындау үшін, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курсанттарын оқытудың тәжірибелік бағытының қағидасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы» пәнін оқыту барысында сабақтарға қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін қатыстыру қарастырылған.

Осыған орай, 2018 жылғы 20 ақпанда Қылмыстық-атқару мамандандыруы бойынша білім алып жатқан  307-309 оқу топтарымен «Бас бостандығынан айырылуға сотталғандарға қадағалауды және күзетті ұйымдастыруды құқықтық реттеу» тақырыбы бойынша өткізілген дәріс сабағына, академия қабырғасында біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатқан  Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті кезекші бөлімінің аға инспекторы әділет майоры Сагиев Айдын Құмарбекұлы және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/7 мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет аға лейтенанты Мәдібеков Ғабит Сарбекұлы қатысты.

Дәріс сабағында қонақтар, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау барысындағы ҚАЖ мекемелерінде режим талаптарын жүзеге асыру мен оларды бұзуды болдырмаудың алдын-алу шаралары, қызмет барысында кездесетін қиыншылықтар мен оларды жою туралы  сөз қозғады, сондай-ақ өз тәжірибелерімен бөлісіп, курсанттардың академияда білім алу барысында қандай жағдайларға назар аударулары қажет екендігіне тоқталып өтті. Кездесудің қызық өткеніне, курсанттардың өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойғаны дәлел болды.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 21 ақпанда Қылмыстық-атқару мамандандыруы бойынша білім алып жатқан  208-209 оқу топтарымен «ҚР қылмыстық-атқару құқығы (жалпы бөлім)» бойынша дәріс сабағы Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті кезекші бөлімінің аға инспекторы әділет майоры Сагиев Айдын Құмарбекұлы және ОҚО бойынша ҚАЖД кезекші бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Туймелиев Сырымның  қатысуымен өткізілді. Кездесу барысында, 2 курстың бұл пәнді енді оқып бастағанын ескере отырып,  тәжірибелі қызметкер курсанттарды жалпы қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымы, қызметі және қазіргі таңда кездесетін мәселелі сұрақтары жайлы таныстырып өтті. Сонымен қатар, курсанттардың болашақ мамандықтарына қажетті кеңестерін беріп, өз тәжірибелерінде болған қызықты оқиғалармен бөлісті, ал курсанттар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алып отырды.

Осы тектес кездесулер, курсанттардың теориялық білімдерін бекітіп, өздерінің болашақ мамандықтарына деген көз-қарастарын қалыптастырып, алдығы қызметтеріне жауаптылықпен қарауға көмегін тигізеді деген үміттеміз.

ҚҚАҚ және К кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция майоры

Г.Н. Кажикова