Кәсіби бағдар беру жұмысы өтті

«Педагогика және психология» кафедра оқытушысы Ибраева Гүлзат Хамзақызы күндізгі оқыту факультетінің  2 курс  курсантарымен бірлесіп Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Педагогика және психология» мен «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқып жатқан күндізгі оқыту факультетінің  2 курс тыңдаушылары Алгуатова Назерке, Сериков Ислам, Хасенов Тамерлан Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселовка орта мектебінде , №28  Құсмұрын орта мектебінде, №121 Құсмұрын орта мектебінде, Тимофеев орта мектебінде  кездесу өткізді.

Oқушылaрмен кездесу бaрыcындa Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тарихы, дайындалатын мамандықтар, академия жетістіктері жайлы мәліметтер берілді. Құқық қорғау органдары қызметіндегі болашақ мамандардың атқаратын қызметтерінің маңыздылығы туралы, oқу oрнының тұрмыc тіршілігі, oқуғa түcу үшін қaжетті құжaттaр,құжаттарды тапсыру мерзімі, aбитуриентке қoйылaтын тaлaптaр жaйлы aқпaрaт берілді. Оқушылар тарапынан көптеген  сұрақтар қойылып және оларға толық жауаптар берілді.

Педагогика және психология 

кафедра оқытушысы

Ибраева Гүлзат Хамзақызы