Академия курсанттары І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барды

2018 ж. 17.02. күні 204 оқу тобының курсанттары І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында қойылған Е.Төлеубайдың «Боздаған бойдақтар» атты спектакльді тамашалады.

Көрермеңдердің назарына актерлермен қойылған пьесасында отбасылық жағдайлар, соның ішінде бойдақ жігіттердің өмірі, оларды шешу жолдарды комедия жанрында айқын көрсетілді. Жастардың ата-анасымен арақатынасы, қазіргі өмірге деген олардың көзқарасы, өз-өзін ұстауы  айрықша қызығушылықты тудырды. Қызықты комедия курсанттарды күлдірді де, ойландырды да.

Көрермендер үшін драмалық театрында қойылған спектакльдер, актерлардың ойыны, отбасындағы мүшелердің қарым-қатынастарына қарап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жалпы бұл пьеса өмірдің бір көрінісі ретінде топ курсанттарына жеткілікті түсінік берді деп ойлаймын, алдағы уақытта да мәдени іс-шаралар жүргізу барысында кезекті пьесаларға келеміз деген ойдамын.

204 топ кураторы Сагалиева А.М.