Сәттілік тілейміз, болашақ офицерлер!

Үш жылды артқа салып, төртінші — ең жауапты жылдағы курсанттардың маңызды кезеңдерінің бірі – ол диплом алдыңғы тәжірибеден өту кезі. Бұл тәжірибе курсанттарға теориялық білімдерін тәжірибеде нығайтуға, кәсіби дағды мен шеберліктерін иеленуге, ең бастысы болашақ мамандығымен жақын танысуға мүмкіндік береді. Ақпан айының ортасынан бастап төртінші курс курсанттары аумақтық органдарға тәжірибеден өтуге жолданды.

Қиын да қызық өмірге аяқ басқалы отырған курсанттарға дұрыс бағыт-бағдар беру әр тәрбиеші офицердің міндеті. 414-оқу тобының курсанттарымен жолға шығар алдында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында біріншіден жолда заңдылық пен тәртіпті сақтау, абай болу сұрақтары қозғалды. Одан әрі қызмет барысында және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білу, тәртіп сақтау, мәдениеттілік пен ізгілік таныта білу туралы және сондай-ақ, жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша әңгіме өткізілді. Маңызды жолда тұрған 4 курс курсанттары өздерінің жылы лебіздерін айтып, өздерінің жылы ұясын қимайтындықтарын айтып, сезімдерімен бөлісті.

Сәттілік тілейміз, болашақ офицерлер!

414 оқу тобының кураторы

полиция капитаны В.Касенова