«Ауғаныстан — жазылмаған жарақат»

Осы 29 жыл бұрын Ауғаныстанда он жыл бойы өткен соғыс бітті. Тарих кітаптарында осы соғыс туралы жазылмаған, бірақ біздің Отанымыздың тарихына әсер еткен. Әр азамат өз Отанының тарихын білу қажет. 

Соғыстың себептері, 1978 жыл бұрын сәуір айында өткен төңкерісіне байланысты, Ауғаныстанда ұлттық-прогрессивтік құрылыс құрылды, жер реформалары өтті, сонымен қатар халықтың мүдделері жағына басқа да реформалар өткізілді. Бірақ өткен төңкеріс сыртқы жаулар Ирак, Пакистан және Қытай елдері  қарсыластығын көрсетті. Бұрынғы тәртіптің қалдықтары (жерінен айырылған алпауыттар, мұсылмандық дін иелері) төңкерістің құрылымына қарсылығын көтерді. Осының барлығы ауған халқына сәуірдік төңкерістің жоюына әкелген.

 1979 жылы 25 желтоқсанда совет одағының әскерлерін енгізуі басталды. Соғыс жылдары бойы совет одағының әскерлері Ауғаныстанда 416 ірі масштабты операцияларға қатысты. Ауғаныстанның айбарлы және табиғи-климаттық жағдайында, Отаннан алыс совет одағының әскери қызметкерлері және күш ведомстваларының қызметкерлері  Отанның геополитикалық және экономикалық мүдделерін қорғап, абыроймен әскери сынақтарын шыдап шықты. Отынымыздың халқын теріс діни ағымды ұстаған адамдардан,  қылмыстық уаһһабшы құрылыстардан қорғап шықты.

1989 жылы ақпан айында Ауғаныстаннан совет одағының әскерлерін шығаруы басталды, 15 ақпан күні Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күні деп аталды. Жыл сайын Ауғаныстан соғысына қатысқан ардергелер соғыста өткен күндерін және сол соғыста қайтқан достарын, жерлестерін еске алады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары, ғылыми және педагогикалық магистратураның тыңдаушыларымен бірлесіп Ауғаныстан соғысына қатысқан ардагерлерін шақырып күндізгі оқыту факультетінің 204, 303, 101-106 оқу топтарының курсанттарына кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде шақырылған ардагерлер соғыста өткен күндерін, барлық әскери операциялары туралы, бірінші рет оқ қаруын алғанын, қалай әскери дайындығын өткенін айтып берді. Бүгінгі күнде Қостанай облысында  Ауғаныстан соғысына қатысқан 300 ардагерлер бар. Аталған іс-шара Академияның курсанттарының патриоттық сезімдерін қалыптастырады, өйткені әрбір азамат өз Отанын қорғауға міндетті.

Соғыс бітті, науқан бітті,

Бірақ жүректерде жарақат қалды:

Еске алайқшы ұмытпайықшы

Қалған ұрпақтар, балалар мен немерелер

Сол күндерді есте сақтасын

   Әкімшілік құқық және

әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушыларлы:

полиция майоры Ж. Базарбаева, А. Сагалиева,

полиция аға лейтенанты А. Мұрат, полиция капитаны Жумашев

 ғылыми және педагогикалық магистратураның тыңдаушысы

 полиция аға лейтенанты Д. Абдильдина