Теория мен практика — оқу үрдісінің ажырамас құрамдас бөлігі

2018 жылдың 14 ақпанында әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары  полиция майоры А. Медведева мен полиция аға лейтенанты А. Мұратпен тәжірибелік бағдар беру аясында  «Қоғамдық тәртіпке және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарға қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау»  тақырыбында тәжірибелік мамандардың шақырылуымен оқу сабақтары ұйымдастырылды. Қонақтар ретінде Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасы №1 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны  М.Мухамбетов пен Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД ЖПҚ бөлімшелерінің қызметін  ұйымдастыру және бақылау бөлімінің инспекторы полиция майоры Е. Ерманов шақырылды.

Сабақ барысында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қолсұғушылыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу және болдырмау, сондай-ақ жеке алдын-алу шараларын қолдану, алдын-алуды бақылау, халықпен жұмыс жүргізу, есеп беру кездесулерін өткізу туралы мәселелер қарастырылды.

Курсанттар отбасылық және тұрмыстық жанжалдардың алдын-алу шаралары бойынша және учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жұмысы, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік юрисдикциясы барысында туындайтын өзекті мәселелері туралы сұрақтар қойды.

Аталмыш сабақтар курсанттардың ерекше қызығушылықтарын тудырып, қызықты және достық қарым-қатынаста өткізіліп, курсанттарда полицияның қоғамдағы және тұтастай алғанда мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілігіне қатысты ой туындайтынын атап өткен жөн.

Әкімшілік құқық және әкімшілілк қызмет

 кафедрасының оқытушылары

полиция майоры А.Н. Медведева,

полиция аға лейтенанты А. Мұрат

 

 

Теория и практика как неразрывные компоненты процесса обучения

14 февраля 2018 года в рамках практической направленности обучения преподавателями кафедры административного права и административной деятельности майором полиции Медведевой А.Н. и старшим лейтенантом полиции Мұрат А. организованы учебные занятия на тему: «Профилактика и предупреждение административных правонарушений, посягающих на общественный порядок и сферу семейно-бытовых отношений» с приглашением практических работников органов внутренних дел. В качестве гостей были приглашены капитан полиции Мухамбетов М.М. – участковый инспектор полиции участкового пункта полиции №1 Управления внутренних дел Алматинского района Департамента внутренних дел г.Астана и майор полиции Ерманов Е.Е. – инспектор отделения организации и контроля за деятельностью подразделений МПС ДВД Южно-Казахстанской области.

В ходе занятия были рассмотрены вопросы, связанные с предупреждением и профилактикой административных правонарушений, посягающих на общественный порядок и нравственность, а также вопросы, связанные с применением мер индивидуальной профилактики, осуществления профилактического контроля, работы с населением, в том числе проведение отчетных встреч.

Курсанты задавали вопросы, связанные с профилактикой семейно-бытовых конфликтов, работы участковых с лицами, состоящими на профилактическом учете, а также проблемные аспекты, возникающие в ходе осуществления административной юрисдикции участковых инспекторов полиции.

Необходимо отметить, что подобные занятия представляют особый интерес для курсантов, занятия проходят в оживленной, теплой и дружественной обстановке и заставляют курсантов задуматься о высокой ответственности полицейского перед обществом и государством в целом.

Преподаватели кафедры
административного права и
административной деятельности
майор полиции Медведева А.Н.
старший лейтенант полиции Мұрат А.