Мамандықты дұрыс таңдау — болашақтың кепілі

Бүгінгі таңда мектеп бітіруші оқушылардың алдында мамандық таңдау сұрағы өзекті болып табылады. Оқушылар үлкен жолға аяқ басар алдында адаспай жолын табуы керек. Мамандық таңдауда ең бастысы – адамның өзінің ішкі түйсігін түсіну, болашағын болжай білу, дұрыс таңдау жасауға бейімдеу болып табылады.

2018 жылғы 9 ақпанда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Г.Н. Кажикова және кафедраның аға оқытушысы полиция майоры З.М. Суйеубаева Қостанай ауданы Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің 10, 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысын өткізді.

Кәсіби бағыт-бағдар беру барысында оқушыларға Академияда білім алу ерекшеліктері, оң жақтары мен оқуға түсу туралы ақпарат берілді, сонымен қатар Академияға тікелей қабылдау жүргізу тәртібі  мен жағдайлары айтылды.

Кездесу соңында оқушылар мен сынып жетекшілері, кездесуге қатысқан басқа да мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Сұрақтар біздің жоғары оқу орнымызға түсуге бел байлаған оқушылар тарапынан көп болды.

Кажикова Г.Н.

Суйеубаева З.М.