«Егемен елдің ертеңі жарқын»

Педагогикалық колледжінде 08 ақпан күні «Егемен елдің ертеңі жарқын» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстел ел өмірінде маңызды орын алған құжаттар төңірегінде боллды. 2017 жылы жарық көрген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы, 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің даму жолындағы бағдары болып саналатыны белгілі. Сондықтан осы құжаттар төңірегінде мамандар кеңесін тындап жас буынның ойын білу мақсатында аталған іс-шара ұйымдастырылған.

Осы іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны М.С. Тойғанов қатысқан. Мырзабек Сардарбекұлы колледждің студенттері мен оқытушылық құрамына «Рухани жаңғырудың» қоғамдық сананы жаңғыртатын негізгі идеяларын түсіндіріп берді. Студенттер бірнеше сұрақтарды қойып, «Рухани жаңғыру», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы мәліметті терең және жан-жақты қарастырып, білімдерін толықтырды.

Дөңгелек үстелдің соңында М.С. Тойғанов Қостанай педагогикалық колледжінің басшылығы атынан мадақтамамен марапатталды.

ӘГК аға оқытушысы

полиция капитаны

Б. Алпейсов