Құттықтаймыз!!!

«Жігітке жеті өнерде аз» -дейді қазақ елі. Иә, әрбір адам өз-өзін жан-жақты дамытып, барлық өнерін көрсете отырып, алдыға ұмтылу керек.

Академиямызда бойында таланты бар, барлық жерде алдыңғы қатардан көрінетін курсанттар жетерлік.

Осындай дарынды, әрі белсенділердің бірі 2 курс курсанты полиция қатарындағы Рамазан Советказин.

Рамазан Академияға түскен сәттен өзінің белсенді де өнерлі курсант ретінде көрсете білді. Осы уақытқа дейін оның өз курсына және жалпы Академияға деген қолғабысы мол. Рамазан академияда құрылған курсанттар баспасөз қызметінің белсенді мүшесі.

Бүгін сол сері жігіт Рамазанның туған күні! Ол үшін осы бір қуанышты мейрамында  шын жүректен курс басшылығының атынан және Академия ауыспалы құрамының атынан мықты денсаулық, бақытты өмір, оқуын ойдағыдай аяқтауына тілектестік білдіреміз.

Академияның ауыспалы құрамы