Курсанттардың ҚР ІІО қызметкерлерімен кездесуі

2018 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атыңдығы Қостанай академиясының 304 оқу тобының курсанттары сырттай оқу факультетінің 1 курсында оқып жатқан, ҚР ішкі істер органдарында қызметін атқарып жатқан полиция қызметкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты – болашақ полиция қызметкерлеріне ішкі істер органдарында қызметтік тәжірибесі бар полиция қызметкерлерімен ой бөлісу, қызметте болатын оқиғалар жайында сұхбаттасу. Сырттай оқу факультетінің курсанттары еліміздің Астана, Ақтау, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Жаңаөзен қалаларынан келіп білім алуда. СОФ курсанттары — жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция басқармасының және кылмыстық-атқару жүйеcі департаментінің қызметкерлері. Аталған қалаларда қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралары жайлы сөз қозғады. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 2018 жылдың 01 қаңтарында жол қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша енгізілген қосымшалар мен өзгерістерді қызмет барысында қолдану тәжірибесі жайында, жол қозғалысы кезінде жол берген құқық бұзушылыққа тағылатын айыппұл мөлшерлері мен жүктелетін әкімшілік жауапкершілікті талдап берді.  Қызмет барысында да қызметтік тәртіпті сақтаудың маңыздылығын, қоғам індеті болып келетін жемқорлықтың алдын алу тәсілдері еліміздің басты мәселесі болып келетінін, полиция қызметкерлері өз қауіпсіздігіне көңіл бөлу керек екендігін айтты. Кездесуге қатысқан курсанттар өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды. Курсанттардың қызметтік сауатын көтеру мақсатында осындай шаралар академияда жиі өткізілуде. Себебі құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ, кәсіпқой полиция қызметкері  —  бұл біздің болашағымыздың қауіпсіздігі, еліміздің тыныштығы.

 

304 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты М.М.Уразбаева