ОҚУДА ҮЗДІК БОЛУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 55-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «28» қаңтардағы №94  бұйрығымен бекітілген «Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары» Нұсқаулығына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4-курс курсанттары 2017 жылдың 8, 11 қараша күндері оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) тапсырды.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады. ОЖСБ жүргізудің мақсаты:

  • білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;
  • бітіруші курс студенттерінің жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының 2017 жылғы оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижесі бойынша барлық пәндерден «үздік» баға алып, жоғары нәтиже көрсеткені және оқудағы үздік жетістіктері үшін күндізгі оқыту факультеті 4-курсының келесі курсанттары Академия бастығы полиция генерал-майоры Қызылов Мирлан Ахмедияұлының атынан алғыс хатпен марапатталды:

  • 415-оқу тобының курсанты полиция сержанты Сафина Саясат Айтпаевна;
  • 402-оқу тобының курсанты қатардағы полиция қызметкері Оразбаева Ботагоз Жанатовна;
  • 404-оқу тобының курсанты қатардағы полиция қызметкері Ақтаев Ерболат Бақытжанұлы;
  • 409-оқу тобының курсанты қатардағы полиция қызметкері Муратбай Айжан Исенбайқызы;
  • 411-оқу тобының курсанты қатардағы полиция қызметкері Кайрбекова Перизат Токмукамбетовна.

Академия ұжымымен курсанттардың оқуда ынтасын арттыру үшін басқа да бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады. Курсанттардың оқуда озат болуына және халқын сүйген ер-азамат болып өсуіне Академияның басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен біршама жұмыстар жүргізіліп келеді. Сонымен қатар оқуды енді тәжірибемен жалғастыратын 4-курс курсанттарына сәттілік тілейміз!

 

Білім сапасын мониторингілеу

және бақылау (бағалау) бөлімшесі

Күндізгі оқыту факультеті