Комитет төрағасы Академияға іссапармен келді

2018 жылдың 2 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің төрағасы әділет полковнигі Базылбеков Азамат Хазыровичпен кездесу болды.

Кездесуде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасымен таныстырып, Академияға келген іссапар мақсатын түсіндіріп өтті.

Комитет төрағасының келу мақсаты Академия қабырғасында Пробация қызметі мамандарын оқыту орталығын ашу мәселесі болатын. Келелі кездесуге орсы салаға қатысы бар академия мамандары біліктілікті арттыру және қайта даярлау инситутының бастығы полиция полковнигі Гаида  Жандарбекова және кафедра бастықтары қатысты.

Негізгі кездесудің мақсаты Қостанай академиясында қылмыстық -атқару жүйесіндегі пробация қызметкерлерін дайындау және олардың біліктілігін арттыру бойынша ЕуроОдақ Кеңесінің қаржылай және материалдық көмегімен оқыту залдарының ашылуы. Осыған байланысты Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов  құрылған жоспарлармен оқыту залдарының үлгісімен таныстырды.

Жиында  бірқатар шешімі табылмай жатқан өзекті сұрақтар қозғалды. Ол сұрақтардың бірі қаржыландыру мәселесі. Комитет төрағасы полиция полковнигі Азамат Базылбеков өз кезегінде қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті жағынан оқу залдарының құрылысына толығымен көмек көрсетілетіндігін айтты. Сонымен қатар ЕуроОдақ Кеңесі 262 компьютер жиынтығын, проекторлар және жиғаздармен жабдықтандыратыны белгілі болды.

Қазақстан Республикасы ІІМ  қылмыстық — атқару жүйесіндегі пробоция жұмысы бойынша қызметкерлердің біліктіліктері  қанағаттандырарлық дәрежеде болмай тұрғандығы мәлім.  Сондықтан да Қостанай академиясында пробоция қызметкерлерін дайындау маңызды мәселе болып отыр. Оларды қазіргі заманғы технологияға сай оқыту жоспары толығымен ұйымдастырылған.

Осы жоспар жайлы біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының бастығы полиция полковнигі Гаида Жандарбековаға сөз беріліп, пробация қызметкерлерін дайындау залының 3d форматтағы суретімен, оқыту жоспары және қашықтықта оқыту порталы туралы бірқатар мәселелерді түсіндіріп өтті.

Енді болашақта Қазақстан Республикасының барлық аумақтарындағы пробация қызметкерлеріннің біліктілігін арттыруда орындалуға тиіс жұмыстар көп. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық- атқару жүйесі Комитетінің төрағасы полиция полковнигі Базылбеков Азамат Хазырович қылмыстық атқару жүйесі бойынша курсанттарды оқытуға байланысты өзінің бірнеше ұсыныстарын Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлымен Қызыловпен бөлісті. Орынды айтылған ұсыныстарды тыңдаған Академия бастығы алдағы уақытта талқылауға салынып, жүзеге асыруға күш салатынын жеткізді.

Академия баспасөз қызметі