Академия қызметкерлері мектеп оқушыларына «Балалардың құқығын қорғау» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

 

2018 жылдың 2 ақпанында әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ж.Д. Базарбаева 2 курс магистранты полиция аға лейтенанты Д. Абдильдинамен бірігіп, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №19 мектебі мемлекеттік мекемесінің 2 сынып оқушыларына «Балалардың құқығын қорғау» бойынша түсіндірме іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты балаларға өзінің отбасындағы құқықтарын және міндеттерін түсіндіру; «құқық», «міндет» түсініктемесін жете түсіну; тәжірибелік дағдыларына  оқытып,әлеуметтік-құқықтық құзыретін көтеру арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін білуге үйретті.

Кішкене бүлдіршіндер естерін енді ғана жинап келе жатса да өздерін құқытарын қорғайтын, аталмыш заңның барына қуаныштарын білдірді.  Бүлдіршін болса да өз ойларын ортаға салып, балаларға қатысты басқа да қандай заңдардың бар екенін сұрап, кездесудің көркін қыздырды.

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет

                                               кафедрасының оқытушысы

                                                          полиция майоры Ж.Д. Базарбаева,

                                   2 курс магистранты

                                                                  полиция аға лейтенанты Д. Абдильдина